Windows сөзнамасы

Windows рәмізі
Мазмұны:Үсті — А Ә Б В Г Д Е Ж И К Қ Л М Н О Ө П Р С Т Ұ Ф Х Ш A—Z


А

Алмалы дискі (Floppy disk)
Диаметрі 3,5 дюймді құрайтын, көп дүркін пайдаланылатын магнитті арқау. Қазіргі кезде сыйымдылығы 1,44 МБ алмалы дискілер пайдаланылады. Дискілердің алғашқы үлгілерінің мұқабалары икемді болғандықтан, олар ағылш. floppy disk — иілгіш дискілер деп аталады.
Апару (Move)
Таңдалған элементтің үстінен тінтуір батырмасымен басып ұстап тұрып жылжыту арқылы бейнебеттің үстімен жылжыту. Мысалы, бейнебеттегі терезенің орнын ауыстыру үшін терезе тақырып атын сүйреп апаруға болады.
Арқау (Media)
Дерек сақтауға жарайтын кез келген тұрғылықты немесе алмалы құрылғы. Мысалы, тұрғылық дискілер, алмалы дискілер, магнитті таспалар, ықшам дискілер.
Ашылмалы мәзір (Pull Down Menu)
Мәзір жолының үстінен нұқығанда ашылатын мәзір. Мәзір ашық тұрады, алайда пайдаланушы тінтуір батырмасын тағы бір рет баспайынша немесе мәзір тармағын таңдамайынша басқа әрекет жасалмайды.


үстіге ↑