HTML

HTML
(HyperText Markup Language)
қаз. Еренмәтін белгілеу тілі
HTML.svg
Файл кеңейтімі:.html .htm
MIME түрі:text/html
Формат типі:Құжат файл кеңейтілімі
Қай форматтан кеңейтілді:SGML
Қай форматтарға дайін кеңейтілді:XHTML
Қалып(тар)ы:ISO/IEC 15445 * W3C HTML5 * HTML Living Standard * W3C HTML 5.1

HTML (ағылш. Hypertext Markup Language — «еренмәтін белгілеу тілі») — вебшолғышта көрсетілуге арналған еренмәтін мен басқа ақпараттардан тұратын веб-парақшаларды жасауға арналған белгілеу тілі.

HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипермәтіндік белгілеу тілі. HTML беттер ғаламторда браузерден серверге, жай мәтін немесе жасырын символдар(шифрлар) арқылы HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі.

Жалпы түсінік

HTML

HTML тілін британ ғалымы Тим Бернерс-Ли 1986-1991 жылдары Женева (Швейцария) Еуропалық ядролық зерттеу орталығында жасап шығарған болатын. HTML алғашында ғылыми және техникалық құжаттарды халық арасында алмастыруға арналған тіл ретінде жасалған. HTML көмегімен әдемі жасалған құжатты оңай және тез жасауға болады. Құрамының өзгеруінен басқа HTML-ға гипермәтіндерді оқу қасиеті қосылған. Бейнематериалдық қасиеттер кейіннен қосылған. Бағдарламалар құжаттарды құрылымдау және пішімдеу, оларды байланыстыру құралдарына қайта шығару (бейнелеу) құралы ретінде құрылды.