EBay


EBay
URLwww.ebay.com
List of domain names
Registrationrequired to buy and sell
тіліMultilingual
Revenue$7.67 billion USD (2007)
eBay headquarters in San Jose
eBay North First Street satellite office campus (home to PayPal)

eBay — желі сауда жүйесі.

eBay Inc. (ибэ́й деп айтылады) — интернет-дүкендер мен интернет-аукциондар аумағында өз қызметтерін ұсынатын америкалық компания. eBay.com веб-сайтын, кейбір мемлекеттердегі оның жергілікті нұсқасын және eBay Enterprise компаниясын басқарады. 1995 жылы 4 қыркүйекте  Сан-Хоседе (Калифорния штаты) Пьер Омидьяр бағдарламашысы AuctionWeb атты өзінің жеке веб-сайтының бір бөлігі ретінде онлайн аукцион жасап шығарды .

Тарихы

eBay құрылу мақсаты Пьер қалыңдығы басқа да коллекция жинаушылармен PEZ ойыншық-мөлшерлеуіштермен алмасуға мүмкіндігі болуы үшін болған деген белгілі уақиға 1997 жылы жұртшылықпен байланыс жұыстары бойынша компания менеджерімен ойлап табылды, кейін ол компанияның өзімен расталды. AuctionWeb-тегі ең бірінші сатылған зат- 13,83 долларға сатылған Омидьярдың бұзылған лазерлі сілтеу таяқшасы. Сатып алушымен байланыс орнатып , Пьер сатып алушыдан: «лазерлі сілтеуші таяқша бұзылғаны екенін білесіз бе?» деп сұрап білді. Жауап хатында сатып алушы былай түсіндірді: «Мен бұзылған лазерлі сілтеуші таяқшаларды жинақтаймын». AuctionWeb алғашында толығымен тегін болатын, кейін бірте-бірте сатушылар мен сатып алушыларды жұмылдыра бастады. 1995 жылдың соңына қарай сайтта мыңдаған аукциондар өткен болатын. 1995 жылдың соңында Пьер Омидьяр eBay аукционына аукционның жұмысының принциптерін анықтайтын және қазіргі уақытқа дейін әрекет ететін базалық құндылықтар орнатты :

  • «Негізінен барлық адамдар парасатты»
  • «Әрбір адам өз үлесін қоса алады»
  • «Ашық қарым-қатынаста адамдар өзінің жақсы қасиеттерін көрсетеді»

Компания бүгінгі атауын 1997 жылдың қыркүйегінде иеленді. Ең басында Омидьяр Echo Bay Technology Group консалтингтік компаниясымен байланысын сақтап қалу үшін сайтты  Echo Bay Technology Group деп атағысы келді. Алайда  EchoBay.com домендік атауды Echo Bay Mines алтын қазатын компанияның қолында еді және атауы eBay.com деп қысқартылды. Кейінгі жылдары eBay «бүргелі нарықтың» сипатты белгілеріне ие « С2С» сауда алаңынан жеке және де заңды тұлғалар қолданатын « B2C» платформасына дейін дамып кетті.