Өскемен

Қала
Өскемен
Akimat oskemen.jpg
Таңбасы
Таңбасы
ЕлҚазақстан
СтатусыОблыс орталығы
ОблысыШығыс Қазақстан облысы
Координатасы49°57′ с. е. 82°37′ ш. б. / 49.950° с. е. 82.617° ш. б. / 49.950; 82.617 (G) (O) (O) (Я)
ӘкіміТұмабаев Куат
Құрылған уақыты1720
Жер аумағы543,15 км²
Климатықатаң-континенталды
Ресми тіліқазақ
Тұрғыны339 900[1] адам (2017)
Тығыздығы4139 адам/км²
Ұлттық құрамыорыстар 57,97 %
қазақтар 38,34 %
немістер 0,82 %
украиндар 0,57 %
татарлар 0,79 %
белорустар 0,14 %
әзірбайжандар 0,23 %
корейлер 0,20 %
басқалары 1,08 %[2]
Этнохоронимөскемендік
Уақыт белдеуіUTC+6:00
Телефон коды+7 7232
Пошта индекстеріF0*****
Автомобиль кодыF, 16
Ресми сайтыhttp://www.oskemen.kz/
 (қаз.)  (орыс.)  (ағыл.)
Өскемен (Қазақстан)
Red pog.png

ӨскеменШығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп, мәдениет және әкімшілік орталық. Қаланың негізі 172 0ж Ертіс пен Үлбі өзендерінің құйылысында қаланған.

Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4 мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқы - 320,2 мың адам. Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер (жалпы санының 23,9 %-ын құрайды), оның 2476 –сы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.

Өскемен қаласы – Қазақстанның көрікті қалаларының бірі. Мемлекеттік билік Қазақстан Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қаладағы заңдық билікті Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 25 депутат бар. Сот билігін Өскемен қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.

Қысқаша сипаттама

Өскемен Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқын 320,2 мың адам құрайды. Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер (жалпы санының 23,9 % құрайды), оның 2476 –ы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.

Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірінен саналады. Аймақтың жетекші салалары – түсті металдар өндіру, машина жасау. Өскемен қаласы бойынша 6072 шаруашылық субьектісі, 143 акционерлік қоғам, 2335 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 48 шаруа қожалығы, 1333 сауда кәсіпорны тіркелген. Өскемен қаласының ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдарына 78,7 мың адам еңбекке тартылған, оның ішінде 31,4 мың адам өндіріс сферасында, 5,8 мың адам - құрлыста, 16,1 мың. адам – білім мен денсаулық сақтау саласында, 9,7 мың. адам саудада, 10,3 мың адам – көлік пен байланыс саласында т.б. еңбек етеді.

17,7 мың. адам шағын және орта бизнеске қамтылған. Шығыс Қазақстан облысындағы байланыс автомобиль, теміржол, өзен және әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады. Көлік желісі автомобиль жолдарына негізделген. Қала аумағында 631 орындық 10 қонақжай, 63 мектеп (52- мемлекеттік түрдегі және 11- жеке), олар 47,1 мың оқушыны қамтиды, 14 жоғары оқу орны (17,1 мың студент), 11 орта оқу орындары (6,3 мың оқушы), 7 кәсіби-техникалық мектеп (3,4 мың оқушы), 26 мектепке дейінгі балалар мекемелері және 29 мәдениет мекемелері бар.

Өскемен қаласы – егемендік алған Қазақстанның көрікті қалаларының бірі. Мемлекеттік билік Қазақстан Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қаладағы заңдық билікті Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 25 депутат бар. Сот билігін Өскемен қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.