Өру

Өру - жұмсақ материалдардан қолмен шалып біріктіру арқылы бұйым жасау тәсілі. Өру тәсілі жер жүзіндегі барлық халықтар арасында ертеден таралған. Мыс., қамыстан бойра, көк шыбықтан себет тоқу неолит дәуірінен мәлім. Өру әсіресе теңіз жағалауындағы елдерде кеңінен таралған. Олар өру арқылы үй тұрмысына, теңіз шаруашылығына қажетті бұйымдар жасаумен қатар, түрлі өсімдіктердің сабағы мен талшығынан өріп, шарбақ, көк шыбықтан өріп арбаға қорап, таспадан өріп ер-тұрман, жегу әбзелдерін әзірлеген. Қазір бұйым өріп тоқу әдісі өнеркәсіп салаларында машинамен жасалады. Мыс., қабағы аршылған көк шыбықтан орындық, кресло, балалар арбасына қоранша, ыдысаяқ, т.б. бұйымдар салуға арналған сандықша, себет тоқылады.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8