Өрнектеу

Өрнектеу, орнаментика (лат. ornamentum - әшекейлеу) -музыкалық әуенді әшекейлеу тәсілдері туралы ілім. Өрнектеу ең алғаш музыкалық шығарманы көркемдеудің импровизациялық тәсілдерінің бірі ретінде қолданылды. Бертін келе көркемдеу тәсілдері бір жүйеге түсіп, нотада көрсетілген арнайы белгілері пайда болды. Өрнектеу франңуздың клавесин үшін жазылған музыкаларында кең қолданылады. Вокальдық музыкадағы өрнектеу Итальян операларынан айқын көрініс тапты. Әуендік фигураңия, фиоритура, виртуоздық пассаждар, колоратуралар Өрнектеудің дамыған түріне жатады.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8