Өрмек тоқушы

Өрмекші - өрмек тоқитын маман. Өрмек тоқу ерте заманнан келе жатқан қолөнері. Өрмекші жүнді түтеді. Оны шүйкелеп иіреді. Иірілген жіпті бояп немесе бояусыз домалақтап өрмек құрады. Дайын болған өрмекті алдымен бетін күзу жіпке қаратады, күзуге байланған астыңғы, үстіңгі жіпті адарғы арқылы кезек айқастырады, сонан соң арасынан арқау жіпті өткізеді де, арнайы қылышпен соғыи, кайталап тоқи береді. Өрмекші басқұрды, бауды түрлі-түсті боялған жіптен санап теру арқылы өрнекті өрмек бетіне қоса түсіріп отырады.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8