Әубәкір Сыдықұлы Рақымов

Әубәкір Сыдықұлы Рақымов (1950 жылы туған, қазірігі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Таскескен ауылы) - режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998). 1968 ж. Қазақ академиялық драма театры жанындағы актерлік студияны бітіреді. 1968 - 1970 ж. Жамбыл облысы драма театрында актер, 1972 - 1974 ж. Қызылорда облысы қазақ драма театрында актер, режиссердің ассистенті болып еңбек етті. 1979 ж. Мәскеудегі театр өнері институтын бітірген. Сол жылдан Қазақ академиялық драма театрында режиссер. Рақымов 50-ден астам спектакльдер (Р.Сәрсенбаевтың "Түнгі диалог", Н.Хикметтің "Фархад - Шырын", А.Сүлейменовтің "Төрт тақта - жайнамаз", "Жетінші палата", "Кек", С.Балғабаевтың "Ғашықсыз ғасыр", Ж.Б. Мольердің "Акымақ болған басым-ай", М.Әуезовтің "Қилы заманы" бойынша, Б.Майлиннің әңгімелері бойынша "Сабатаж", Ф.Буляков "Отыз үлың болғанша...", т.б.) сахналаған. Олардың бірқатары республикалық театр фестивальдарының жүлделерін иеленген. Қазір Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаз. Махамбет атындағы сыйлықтың иегері (1996).[1][2]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2