Әл-Бақиллани

Әл-Бакиллани, Әбу Бәкір Мұхаммед б. а т-Таййиб (1013 ж.ө.) - ашғари кәламының көрнекті өкілі. Басрада дүниеге келіп, ғұмырының көп бөлігін Бағдатта өткізіп, сонда қайтыс болды. Фиқһ мәселесінде Малики мазһабын ұстанған ол бірсыпыра уақыт қазылық қызмет атқарды. Қалайды ашарит Ибн Муджахидтің (980 ж. ө.) басшылығымен оқыған 982 - 83 жылдары буилер әмірі Адуд әд-Дауланың дипломаттық сипаттағы тапсырмасымен Византия императорының сарайында қызмет атқарды. Бакиллани жазған 52 шығарманың алтауы ғана сақталған. Олардың негізінде Бакилланидің дүниетанымын толық анықтау мүмкін емес.

Бірқатар мутазилашылар, соның ішінде Аббад б. Сүлейменнің (844 ж.ө.) идеяларына сәйкес ойды дамыта отырып, Бакиллани Құдайдың «мәндік белгілері» мен іс-қимыл белгілеріне» назар аударады да, алғашқыны мәңгілік, ал екіншісін уақытына орай пайда болады деп тұжырымдайды. Бакилланиға сәйкес Алла бәрін де алдын-ала, бәрін «жалпылама» емес, «бөлек-бөлек» шешеді. Ерік тәуелсіздігі мәселесін де ол осыған сәйкес шешті. «Дәл мағынасындағы болмыс» пен оның нақты түрлерін, іс-әрекет негіздері мен оның тікелей көріністерін айыра отырып, ол Құдай тек «болмысты» оның «негізін» ғана жаратады, ал адам болмысты одан әрі түрлендіріп, іс-әрекетті нақтылай түседі. Имамат жөніндегі мәселеде Бакиллани шииашылармен және рафидшылармен пікір таластыра отырып, имамды (халифа) сайлап отыруды талап етті. Осымен бір мезгілде ол имамның құрайыш ұрпағымен тарауы тиістігін, оны жария түрде сайлау керегін, бір мезгілде бір имамның билік құруын және өзінің моральдық, ақыл-ой парасаттылығы жағынан өзіне жүктелген:

  • 1) умманы сыртқы жаулардан қорғау;
  • 2) әділетсіздікті болдырмау;
  • 3) заң бойынша кесілген жазаның орындалуын бақылау;
  • 4) жаугершілік кезінде олжаға түскен мүлікті мұсылмандар арасында тарату;
  • 5) қажылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәрізді міндеттерді атқаруға сәйкес келмеген жағдайда имамды орнынан алу қажеттігін куаттады.

Әдебиет:

  • -ал-Ванилтни, ат-Тамхид фи-р-радц ала-л-мулхида ал-муаттила ва-р-рафида ва-л-хаваридж ва-л-мутазила, Бейрут, 1957;
  • он же, ал-Инсаф, Каир,1950;
  • он же, Иджаз ал-Кұран, Каир, 1962.[1]
  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1