Әл-Бадауи

Бадауй, ал - Бадауи , Әбу Фитйан (Әбу Аббас ) Ахмед Сиди аш Шариф - (1199 - 1276) - араб сопысы, Мысырда оған сиыну күні бүгінге дейін кең тараған, Бадауийа (ахмадийа), бауырластығының негізін қалаушы. Арғы тегі Әли б. Әбу Тәліптен өрбіген. VII ғасырдың соңында Мағрибке қоныс аударды. 1206 жылы үй-ішімен Меккеге сапар шегіп, оған 1210 ж. келіп жетті. Бадауй осында шафиға құқығы мен Құран оқуды үйренеді. 1230 ж. әкесі қайтыс болғаннан кейін Бадауй тақуалыққа беріледі. 1236 жылы ол Иракқа келіп, осындағы Абд әл-Қадыр әл-Джилани мен Ахмед ар-Рифаның мүрдесіне тәуап еткеннен кейін әл-Батаихте рафаийа бауырластығына қабылданды. 1237 ж. Бадауй Мысырға қоныс аударып, Танте қаласында жергілікті бауырластыққа басшылық жасады, Бадауй мистик, бағыттың теоретигі емес. Ол - практик, ал оның шын ниетпен беріле жасайтын жаттығулары, белгілі бір дәрежеде рифаийа бауырластығының практикасын еске түсіреді. Бадауй қайтыс болғаннан кейін оның халифасы, әрі мұрагері Салих Абд әл-Ал (1333 ж.ө.) зиратының басында мешіт тұрғызыл ол кереметтер жасаушы әулиеге табынудың орталығына айналды.

Бадауй үш шығарманың авторы:

  • 1) неофитке құлшылық ету кезінде аян беретін бауырластықтың құлшылық ету құпиясы (хизб);
  • 2) Абд ар-Рахман б. Мұстафа әл- Ауцарусидің түсіндірмесімен (Фатх ар-Рахман) берілген құлшылық ету (салауат) жинағы:
  • 3) жалпы сипаттағы ақыл-кеңестер мен ұсыныстардан тұратын өсиетнама.

Әдебиет:

  • аш-Шарани,Табжя, 1, 155- 159.[1]
  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1