Әзірбайжан

Әзірбайжан Республикасы
әз. Azərbaycan Respublikası
Flag of Azerbaijan.svgEmblem of Azerbaijan.svg
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Odlar Yurdu»
Әнұран: «Azərbaycan Marşı»
Azerbaijan (orthographic projection).png
Тәуелсіздік күні28 мамыр 1918 (КСРО-дан 18 қазан 1991)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліәзірбайжанша
ЕлордаCoat of arms of Baku.svg Баку
Ірі қалаларыБаку, Гәнжә, Сұмғайыт,Леңкəрəн, Миңгечеуір, Нахчыван
Үкімет түріПрезиденттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Илхам Әлиев
Артур Расизаде
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 111-ші-орын
86 600 км²
1,6%
Жұрты
• Сарап (2011)
Тығыздығы

9 477 000 [1] адам (89-шы)
105 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ
  • Қорытынды
  • Жан басына шаққанда

94.318 млрд[2] $
10,340[2][3] $ (72-ші)
АДИ (2010) 0,713 [4] (жоғары) (67-ші)
ВалютасыӘзірбайжан манаты
(AZN, код 944)
Қосымша мәліметтер
Әуе компаниясыAZAL
Интернет үйшігі.az
ISO кодыAZE
ХОК кодыAZE
Телефон коды+994
Уақыт белдеулері+4

Әзірбайжан Республикасы (әз. Azərbaycan Respublikası) — Азия мен Еуропа аралығында, Шығыс Кавказда орналасқан мемлекет. Ол солтүстікте Ресеймен Дағыстан Республикасы арқылы, оңтүстікте Иранмен, Батыста Армениямен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахчыван автономиялық Республикасы оңтүстікте Иранмен, шығыста және солтүстікте Армениямен, батыста Түркиямен шектеседі.

Қысқаша сипаттама

Негізгі заңы1995 жылы 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы жоғарғы органы – тұрақты парламент (Міллі мәжліс, 125 депутаттан тұрады). Атқарушы үкіметтің жоғары органы – Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Әзірбайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86,6 мың км², халқы 9,5 млн. адам.[5] АстанасыБаку (Бақы) қаласы. Халқының 83%-ы әзірбайжандар. Мемлекеттік тіліәзірбайжан тілі. Халқы негізінен ислам дінін ұстанады.