Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков


Жақсыбеков, Әділбек Рыскелдіұлы
Дүниеге келгені:1954 шілденің 26-ы
Қостанай облысы

Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков (26 шілде 1954 жыл, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Бөрілі ауылы)— Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (2009 -), Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі (2008 - 2009), «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары – ҚР Президентінің кеңесшісі (2008), Президент әкімшілігінің басшысы (2004-2008), Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі (2003-2004), Астана қаласының әкімі (1997-2003). Қазақстан Республикасы Футбол Федерациясының Президенті ()[1].

Биографиясы

1954 ж. шілденің 26-ында Қостанай облысында туған.

1978 ж. Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу қ.) мемлекеттік университетін тәмамдаған,

1987 ж. Плеханов атындағы халық шаруашылығ институтында «материалдық-техникалық жабдықтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.

Қазақ КСР Мемкино жүйесінде, материалдық-техникалық жабдықтау органдарында жұмыс істеп, кәсіпорындарға басшылық еткен.

198895 жж. көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы.

1995 ж. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланады.

1996 ж. Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады.

1997 ж. желтоқсанынан 2003 ж. маусымына дейін Астана қаласының әкімі.

2003 ж. шілдесінен 2004 ж. желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.

2004 ж. желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.

2008 ж. қаңтарынан Нұр Отан халық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

2008 ж. қараша айынан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.