Ұялбай Нүсіпов


Ұялбай Нүсіпов
Дүниеге келгені:01.04.1921
қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл ауданы
Мансабы:фаготшы, музыкант, педагог

Ұялбай Нүсіпов (01.04.1921 ) - фаготшы, музыкант, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1967). Ерекше атты әскер бригадасы (1940 - 1941) мен КСРО Жоғарғы Кеңесінің жаяу әскерлер училещесі (1941 - 1942) құрамында музыкант, 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Ол Мәскеу қаласындағы музыкалық училещеде (1940), Мәскеу консерваториясын (фагот класы бойынша) бітірген (1951). 1951 - 1952 ж. Қазақ академиялық опера және балет театры труппасында оркестр артисі әрі дирижер ассисенті, 1952 - 1955 ж. Қазақ филармониясы құрамындағы халық аспаптар оркестрінің дирижері болып қызмет атқарды. 1951 жылдан Алматы консерваториясында педагогикалық қызметпен айналысады: аға оқытушы (1957 жылдан), камералық ансамбль кафедрасының меңгерушісі (1958 жылдан және 1973 - 1985), кешкі және сырттан оқу бөлімінің деканы (1985- 87), профессор (1978 жылдан). 2001 жылдан зейнеткер. Мәскеу қаласында өткен 2-мәдениет қызметкерлері кәсіподағы съезінің делегаты (1958). Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен (1952, 1954), 2 рет Қызыл Жұлдыз және Қызыл Ту орденімен марапатталған.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8