Ұйғыр музыкалық комедия театры

Республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры, Қ.Қожамияров атындағы мәдени-сахналық мекеме.


1934 ж. 24 қыркүйекте Д.Асимов пен А.Садыровтың "Анархан" атты музыкалық драмасымен тұңғыш рет өз шымылдығын ашты. Алғашында Ұйғыр музыкалық драма театры деп аталды. 1941 - 61 ж. аралығында Шелекте(Атматы облысы) орналасып, 1961 ж. Алматы қаласына қайта қоныс аударды. Театр группасы 1940 - 50 жылдары ұлттық драматургиямен қатар аударма, музыка, драматургия шығармаларға да дем қойды. Актерлер М.Бациев, М.Семятова, С.Саттарова, А.Шәмиев, А.Ақбаров, 3.Лубарова, Қ.Ә6дірәсілов, Р.Илахунова, Н.Мәметова, Ж.Асимов, Т.Бахтыбаев, Ғ.Жәлелов, М.Зайнаудинов, Х.Илиева, А.Супиев, Р.Тохтанова, режиссер А.Ибрагимов, А.Марджанов, Д.Садырова, С.Башоян, Б.Омаров, Қ.Жетпісбаев, театр суретшілері К.Пак, Н.И6рагимов, композиторлар К.Қожамияров, Ғ.Зайнаутдинов, И.Масимов, И.Исаев, т.б. театрдың нығайып қалыптасуына, өсіп дамуына елеулі үлес қосты. 20 ғасырдың 60 - 80 жылдары ұйғыр жазушыларының драматургия шығармалары қойылып, театрдың үлттық бағдары айқындала түсті. 1964 ж. Республикалық Ұйғыр Музыкалық Комедия Театрына айналды, 1967 жылдан қазіргі атымен белгілі. Әр жылдары театр репертуарынан орыс (Н.В. Гоголь, М. Горький, И.Ф. Попов, В.С. Розов т.б.), өзбек (Х.Хамза, К.Яшен, АҚаһар, С.Ахмад), қырғыз (Ш.Айтматов, М.Байджиев), башқұрт (М.Кәрім) және қазақ жазушыларының(М.Әуезовтің "Айман - Шолпаны", Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш -Баян сұлу" мен "Қыз Жібегі", С.Мұқановтың "Қашғар қызы", Ш.Құсайыновтың "Шолпаны" мен "Қайран Гәккуі" т.б.), шет ел драматургиясының (У.Шекспир, А.В. Вальехо) туындылары да орын алды. Театр жанынан "Яшлык" және "Нава" ансамбльдері құрылды.

Театр группасы гастрольдік сапармен Мәскеу қаласында (1981), сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан, Египетте болып, өнер көрсетті.


Театр ұжымы 1984 ж. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталды.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қадыров А. Годы становления, А.А., 1978, его же, Уйгурский советский театр, А.А., 1984.