Үрмелі музыка аспаптары

Үрмелі музыка аспаптары - дыбысы үрлеу арқылы шығарылатын музыкалық аспаптар.

Үрмелі музыкалық аспаптарының көне түрлері ағаштан, сүйектен, мүйізден, темірден, саздан жасалған. Олардың жетілдірілген түрлері үрлемелі музыкалық аспаптар оркестрінде, кейбір түрлері симфониялық және халық аспаптар оркестрінде қолданылады. Қазақ халқында үрмелі музыкалық аспаптарының түрлері (сыбызғы, Сазсырнай, үскірік, тастауық, бұғышақ камыс сырнай, мүйіз сырнай, керней) көп болған.[1]

Олар қазіргі “Отырар сазы” оркестрінде, т.б. музыкалық ұжымдарда кеңінен қолданылады.

Ағаштан Үрлемелі музыкалық аспаптар

Негізінен ағаштан (гобой,кларнет, флейта, т.б.) жасалған үрлемелі музыкалық аспаптар болып бөлінеді.