Құран Кәрім ғажайыптары

Құран туралы мақалалар
Құран Кәрім
Bismillah.svg
Құран Порталы
Portal icon Құран порталы

Құран Кәрім ғажайыптары — Құран пайда болған кезде белгісіз болған, одан көп кейін ғана ашылған ғылыми жаңалықтар Құранда айтылған еді деген көзқарас. Кейде ғажайыптары деп Құрандағы араб тілінің ерекше көркемділігіне қатысты да айтылады.

Зерттеулер барысында Құран Кәрімнің көптеген мұғжизалары әр түрлі қырынан ашылуда. Солардың бірі Құрандағы ұғымдар тепе-теңдігі.

Құран Кәрімде кездесетін ұғымдар тепе-теңдігі

  1. «Дүние» сөзі 115 жерде – «Ақырет» сөзі де 115 жерде кездеседі.
  2. Періштелер жайлы 88 жерде – шайтандар жайлы 88 жерде айтылып өтеді.
  3. «Адамдар» сөзі 50 жерде – «Пайғамбарлар» сөзі 50 жерде кездеседі.
  4. Ізгілік (салах) сөзі 50 жерде – Бүлік, бұзақылық (фасад) сөзі 50 жерде кездеседі.
  5. Иблис жайында 11 мәрте – Иблистен сақтанып, Ұлы Аллаһқа сыйыну жайында 11 рет айтылып өтеді.
  6. Мұсылмандар сөзі 41 жерде – Жиһад сөзі 41 жерде кездеседі.
  7. Зекет сөзі 88 рет – Берекет сөзі де 88 рет кездеседі.
  8. «Мұхаммед» сөзі 4 жерде – «Шариғат» сөзі 4 жерде кездеседі.
  9. «Әйел» сөзі 24 жерде – «Еркек» сөзі 24 жерде кездеседі.
  10. «Өмір» сөзі 145 жерде – «Өлім» сөзі 145 жерде кездеседі.
  11. «Ізгі істер» (салихат) сөзі 167 жерде – «Жаман» (сайиат) сөзі 167 жерде кездеседі.
  12. «Жеңілдік» сөзі 36 жерде – «Қиыншылық» сөзі 36 жерде кездеседі.
  13. «Махаббат» сөзі 83 жерде – «Итағат» сөзі де 83 жерде кездеседі.
  14. «Тура жол» (һуда) сөзі 79 жерде – «Мейірімділік» (рахма) сөзі 79 жерде кездеседі.
  15. «Бейбітшілік» (саләм) сөзі 50 жерде – «Жақсылық» (тайиба) сөзі 50 жерде кездеседі.
  16. «Қиыншылық» (шиддә) сөзі 102 жерде – «Сабыр» сөзі 102 жерде кездеседі.
  17. «Кесапат» (мусиба) сөзі 75 жерде – «Шүкір» сөзі 75 жерде кездеседі.