Қызылорда облысы

Қазақстан облысы

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының елтаңбасы
Қызылорда облысы елтаңбасы
Қазақстан картасындағы Қызылорда облысы

Облыс орталығы

Қызылорда

Құрылған уақыты

15 қаңтар 1938 жылы

Аудандар саны

7

Тұрғыны

753 231 адам[1] (2015 жыл)
10-шы орын
- тығыздығы
3,39 адам/км²
14-ші орын

Ұлттық құрамы

қазақтар 95,89%
орыстар 2,03%
корейлер 1,04%
татарлар 0,22%
басқалары 0,82% (2015ж.)[2]

Жер аумағы

4-ші орын

- Барлығы
- Су беті

226 076 км²

Экономикалық ауданы

Оңтүстік Қазақстан

Әкімі

Қырымбек Көшербаев

ISO 3166-2:KZ коды

KZ-KZY

Телефон коды

+7 7242 xx-xx-xx

Пошта индекстері

12xxxx

Автомобиль коды

11

Уақыт белдеуі

UTC+6:00

Ресми сайты

http://www.e-kyzylorda.kz/

Қызылорда облысыҚазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік.

Облыс 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған. Жер аумағы 226 мың км² (Қазақстан жерінің 8,3% -ы). Тұрғыны 689,7 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 3 адамнан келеді. (2010).

Облыс орталығы - Қызылорда қаласы (кезінде Петровск және Ақмешіт деп аталған). Қала тұрғындары - 212 мың адам. Қызылорда қаласы 1925 жылдан Қазақ АКСР-ның астанасы болды, 1927 жылы астана мәртебесі Алматы қаласына ауысты,[3].

1997 жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен қаланың орысша транскрипциясы Кзыл-Ордадан Кызылордаға, ал облыс аты Кзыл-Орда облысынан Кызылорда облысына өзгертілді.

Қызылорда облысы - Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзенінің төменгі ағысында жəне Тұран ойпатында орналасқан. Қазақстан Респуликасының бірнеше облыстарымен, оның ішінде шығыс және оңтүстік–шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, солтүстігінде – Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбе облысымен және оңтүстік-батысында Қарақалпақстан Республикасымен, оңтүстігінде Өзбекстанның Науаи облысымен шектеседі. Жер көлемі жөнінен республика бойынша 4 - орында.

Тарихы

Ежелгі дәуір

Қызылорда облысының басым бөлігі кезінде сақ - массагет иелігінде болған, қалған бөлігін қаңлылар басқарған. Ғұн тайпаларының батысқа қоныс аударуы кезінде Сырдарияның төменгі ағыстарына жетті. Б.з. 93 жылы Арал маңын мекендеген ғұндар эфталиттер мемлекетінің негізін қалайды. 427 жылы эфталиттер Үндістанға жорықтары нәтижесінде Сотүстік-Батыс Үндістан, Орта Азия, Шығыс Иран және Ауғанстан территориялары кірген үлкен мемлекетті құрайды.

VIII ғасырда Орталық Азияны және Қазақстан оңтүстігін арабтар бағындырып Ислам дінін таратады. IX-X ғасырларда Сырдарияның төменгі және ортаңғы ағыстарында оқыз тайпаларының ерте феодалдық мемлекеті құралады. Ортағасырлық қалалардың Ұлы Жібек жолы бойында орналасуы оғыз тайпаларына пайда әкелді

ХІІІ ғасырларда моңғолдардың шапқыншылықтары нәтижесінже Жент, Сығанақ, Асанас, Өзкент, Баршынкент, Жанкент қалалары қиратылды.

Әбілқайыр ханның билігі кезінде көшпелі өзбектер хандығының орталығы Сығанақ қаласы болған. XV ғасырдың ортасында қала аймақтың әкімшілік орталығына айналды. XVI ғасырда Сырдарияның оң жағалауы Қазақ хандығының қарамағына енді.

Перовск қаласының таңбасы

Ресей Империясы

Ақмешіт 1820 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды.

1847 жылдан бастап патшалық Ресей Сыр жағалауы мен Аралды өз империясына қосу саясатын бастады; 1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш зауыты, жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастайды.

1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы құрылған кезде осы қамал болыс орталығы болып, қала мәртебесін алды. Бастауыш мектептер ашылды, кірпіш зауыты, жел диірмендері, шеберханалар мен дүкендер жұмыс істей бастады. Қалада мешіттермен қатар шіркеулер де жұмыс жасады – 70-жылдардан бастап қалада мұсылман мешіттері пайда болды;

1868 жылы Перовскіде уездік пошта бөлімі ашылды; 1905 жылы «Оренбург-Ташкент» темір жолы қолдануға берілгеннен кейін үйлестіруші логистикалық құрылым (бекеттер, вокзал, депо, қоймалар) салынды;

Кеңес Өкіметі

Қызылорда облысының Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы кезіндегі таңбасы

1917 жылдың 30 қазанында Перовскіде Кеңес билігі орнады. 1922 жылы қала қайтадан Ақмешіт деп аталды. Осы жылы бірінші ағаш өңдейтін ұстахана ашылды, кірпіш зауыты қалпына келтірілді;

1925 жылы 15 сәуірде қалада Қазақ Автономдық Республикасының Бүкілодақтық еңбекшілер съезді болды, сол жерде қаланы Қызыл-Орда («қызыл астана») деп атау және оған республика астанасы дәрежесін беру шешімі қабылданды. Сол уақыттағы қала халқының саны 22 мың 577 адам болатын. Осы жылдары бірінші рет электрэнергиясы қосылды, қаланың барлық жерлерінде құрылыс жүріп жатты, жаңа үлгідегі үйлер салынды, оқу орындары, халық ағарту институттары және т.б. тұрғызылды;

1929 жылы астана Алматы қаласына көшірілді, ал Қызыл-Орда округ орталығы болды;

1930-1940-жылдары аймақтың және қаланың халық саны КСРО-ның басқа бөліктерінен келгендердің: саяси қуғындардың, Белоруссия мен Батыс Украинадан депортирленген поляктардың, немістердің, кәрістердің, Қырым мен Солтүстік Кавказ халықтарының Фашистік Германия жаулап алған аймақтардың эвакуанттарының есебінен едәуір артты;

1938 жылдың 15 қаңтарында Қызылорда облысы құрылып, Қызылорда қаласына облыс орталығының дәрежесі берілді;

1960-70-жылдары целлюлиттік-картонды, механикалық, күріш зауыттарымен және аяқ-киім фабрикасымен қатар Гагарин, Титов Қыстағы секілді тұрғын-үй кешендері құрылды. Осы жылдары «Главриссовхпзстрой» тресті ашылды;

Қазақстан Республикасы

1997 жылдың 17 маусымында Қазақстан Президентінің Жарлығымен қаланың Қызыл-Орда атауы Қызылорда, ал облыс атауы Қызыл-Орда атауынан Қызылордаға ауысты.

1992 жылдың қаңтарында «Возрождение» аралында сынақ полигоны жабылды, бұл оба, сібір язвасы, лепра ауруларының таралуына тосқауыл болды. «Барсакелмес» қорығындағы өмір қайта басталды.

Әкімдер (1991 - )

Облыстық комитетінің бірінші хатшылары (1938-1991)