Қуандық Тұрғанқұлұлы Тұрғанқұлов


Тұрғанқұлов, Қуандық Тұрғанқұлұлы
Дүниеге келгені:1949 ж. тамыздың 1-інде
Көкөзек ауылы, Жамбыл ауданы, Алматы облысы
Мансабы:Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

Тұрғанқұлов, Қуандық Тұрғанқұлұлы — Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

Қысқаша өмірбаяны

1949 ж. тамыздың 1-інде Алматы облысы Жамбыл ауданының Көкөзек ауылында туған.

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, мамандығы — инженер-экономист.

197179 жж. — Баянкөл геологиялық-барлау партиясында инженер-нормалаушы, Орталық геологиялық-тақырыптық экспедицияның аға инженер-экономисі, бөлім бастығы, экспедиция бастығының орынбасары;

197986 жж. — Қапшағай қалалық парткомының нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі;

198690 жж. — "Южказгеология" ПГО парткомының хатшысы;

19901993 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінде хаттар және азаматтарды қабылдау бөлімінің консультанты, аға референті, ұйымдастыру-инспекторлық және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы;

19931996 жж. — Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының, Әкімшілігінің кадр саясаты бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

1996 ж. қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.

2007 ж. қаңтарынан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасы.