Қозғауыш

Қозғауыш- кез келген энергия түрін механикалық энергияға түрлендіретін машина.
Бензиндік қозғауыш - ұшқындық отжандырумен поршеньдік іштен жанатын қозғауыш; отыны - бензин болады.
Жоғарықа қақпақшалы қозғауыш - қақпақшалар цилиндрлер үстінде орналасқан поршеньдік қозғауыш.
Сырттан жанатын қозғауыш - жанатын отыны цилиндрдің ішіне кірмейтін жылу қозғауышы. (мысалы бумен істайтін қозғауыш).
Іштен жанатын қозғауыш - отыны тікелей цилиндрдің ішінде тұтанып жанатын немесе жанған отын цилиндрдің ішіне берілетін жылу қозғауышы.
Газды қозғауыш – іштен жанатын поршеньдік қозғауыш,оның отыны- тығыздалған, сұйықталған немесе газогенераторлық қондырғыда жасалған газ.
Газотрубиналы қозғауыш - жанған отыны (газдар) турбинаның қалақша доңғалатарына әсер етіп айналдыратын, іштен жанатын жылу қозғаушы.
Ыстық қозғауыш - қоршаған ортаның темперагурасынан жоары, бірақ +50° С-дан кем емес температураны қамтитын тоқтатылған қозғауыш.
Екі тактылы қозғауыш -жұмыс циклі поршеньнің екі жүрісіне тең, яғни иінді біліктің бір айналғанында орындалатын қозғауыш.
Дизельді қозғауыш - отыны қысым әсерінен тұтанатын, іштен жанатын поршеньді қозғауыш; отыны - дизель отыны деп аталады.
Карбюраторлы қозғауыш - жанғыш қоспасы карбюратор ішінде даярланатын бензинді қозғауыш.
Көпотындық қозғауыш - сәл өзгерістер кезінде әртүрлі отындарда жұмыс істей алатын қозғауыш (мысалы, арнайы жасалған дизель қозғауыш тек дизель отында ғана емес, сонымен катар бензин, керосин және баска отындарда жұмыс істей алады).
Төмен қақпақшалы қозғауыш- қақпақшалары цилиндрлердің жанында орналасқан поршеньдік қозғауыш.
Газотурбиналы қозғауыш - компрессор мен турбинаның қалақ доңғалақтары бір білікте орналасқан газотурбиналық қозғауыш.
Бумен істейтін қозғауыш - сырттан жанатын поршеньдік қозғауыш, мұнда жұмыс дене ретінде бу қазанында жасалған бу болады
Бутурбиналық қозғауыш- кеңейетін бу турбинаның қалақ доңғалактары арасынан өтетін, оларды айналдыратын сырттан жанатын жылу қозғаушы.
Поршендік қозғауыш- кеңейетін газдар (немесе булар) поршеньнің түбіне әсер етіп, оны цилиндрде қозғалтқызатын жылу қозғаушы.
Оталдырғыш қозғауыш - негізгі қозғауышты немесе едәуір мықты қуатты қозғауышты іске қосу үшін қызмет ететін, әдетте карбюраторлық қозғауыш.
Реактивтік қозғауыш- өзінен ағып шығатын, жұмысшы дененің реактив күшіне сәйкес келетін қозғалыс үшін пайдаланылатын тарту күші өз тұлғасында туатын қозғауыш.
Жіберетін қозғауыш - поршеньдік қозғауыш, мұнда отын (мысалы, дизель, бензин) тура цилиндрлерге жіберіледі.
Стирлинг қозғауышы -изотермиялық қысумен және кеңейтумен термодинамикалық цикл бойынша сырттан жанатын поршеньдік қозғауыш.
Жылу қозғауышы- жанатын отынның жылуы механикалық жұмысқа айналатын қозғауыш.
Форкамерлық қозғауыш - жұмыс қоспасының жануы басталатын косымша кішірек камерасы бар поршеньдік қозғауыш.
Суық қозғауыш - бөлшектер температурасы қоршаған ортаның температурасынан 1 °С жоғары еместігімен ерекшеленетін, бірак +50°С-дан кем емес қозғауыш.
Төрт тактілі қозғауыш - жұмыс циклы поршеньнің төрт жүрісінде, яғни иінді біліктің екі айналым кезінде жүзеге асатын поршеньдік қозғауыш.
Электр қозғауышэлектр энергиясын механикалық жұмысқа айналдыратын қозғауыш. [1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.