Қалампыр Рақымова (1949, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Алмаз ауылы - 1988, Алматы қаласы) - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1988). Алматы консерваториясы жанындағы Ғ.Құрманғалиев мектебінде оқыған. Республикалық ән мен би жастар ансамблінің әншісі болды. Оның есімімен туған ауылында көше аталады.