Қазақ әліпбиі

Қазақ әліпбиіқазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі.

Қазақ әліпбиінің жүйелері

Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер пайдаланылған:

Ресми әліпбилер

Қазіргі латын әліпбиі

Қазіргі латын әліпбиі — 2017 жылдың 9 қазанында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру жобасы ұсынылды[1].2017 жылы қазақ тілінің жаңа латын әліпбиі 26 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен бекітілді[2][3]. 2017 жылдың 26 қазанында бұл алфавит ресми түрде мақұлданды. 2018 жылғы 19 ақпанда осы қаулыға түзетулер енгізілді. [4]. 2017-2025 жылдары жаңа әліпбиге көшу жоспарлануда[5]. Әліпби 32 әріптен тұрады

Ресми латын әліпбиі:

A a Á á B b D d E e F f G g Ǵ ǵ H h
I i I ı J j K k L l M m N n Ń ń O o
О́ ó P p Q q R r S s T t U u Ú ú V v
Y y Ý ý Z z Sh sh Ch ch

Кирил жазуы негізінде

  Қазақ кирил әліпбиі  
Аа Әә Бб Вв Гг Ғғ Дд
Ее Ёё Жж Зз Ии Йй Кк
Ққ Лл Мм Нн Ңң Оо Өө
Пп Рр Сс Тт Уу Ұұ Үү
Фф Хх Һһ Цц Чч Шш Щщ
Ъ Ыы Іі Ь Ээ Юю Яя

Қазақ кирил әліпбиі — көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 жылы қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ (1947 жылына дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү, Һ, І. Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі әріптерінің соңында қойылған, сосын дыбысы жақын орыс әріптерінің артына жылжытылған.

Келесі әріптер: В, Ё (1957 жыл), Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Бұл әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек кеңестік дәуірінде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған (1990 жылы бері ресми және жеке жария ақпараттарда, әдеби шығармаларда пайдалануы азая түсуде, сиректеніп кетті). Х әрпі қазақ фонетикасында Қ түрінде айтылады. Һ әрпі тек сиреген араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, және де Х немесе Қ сияқты айтылады. Е сөздің нағыз басында [ʲe] дифтонгоиды боп сөйленеді. Э әрпі әрдайым Е боп айтылады. О сөздің нағыз басында [ʷo] дифтонгоиды болып айтыла алады. У әрпі буын жасамайтын дыбысты белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ псевдодифтонгтерді алмастыру үшін пайдаланылады.

Келесі әріптер алдыңғы және артқы ретті дыбысты жұпты белгілейді (әдетте жіңішке мен жуан деп аталады):

Араб-парсы кірме сөздерінде ӘА қарама-қарсы қоюы көрінеді.

Қазақ екпіні көбінесе соңғы буынға түсіп тұратындықтан жазуда белгіленбейді.

Белгішелеу

iPhone смартфонына қондырылған қосымша пернетақтасы

Жақында өткен заманда қазақ мәтінін теру көбінесе қиыншылыққа ұшырайтын еді. Оның себебі амал жүйелері мен мәтінтергіштерде Юникод арқауы жоқтығы, қалыпты түрде қазақша 8 бит белгішелеу парақ болмағаны және қалыпты компьютер әріптері жетіспеушілігі. Осыған орай қазақ кирил әліпбиін компьютерлерде белгішелеу үшін 20-дан аса әртүрлі нұсқалары[6] ұсынылған.

Кезінде Қазақстанда DOS үшін ҚР МҚ 920-91 мемлекеттік қалпы қабылданған болатын. Бұл қалып CP866 8 бит кирил (славян) белгішелеу парақтың негізінде жетілдірілген. Енді бірталай көп кідіріп Windows жүйесіне арнап ҚР МҚ 1048—2002 қалпы бекітілген. Осы қалыптың қолдануы өте шектеулі болды, себебі ол Юникод басқа ескірген 8 бит белгішелеуді ығыстырып шығаруы қызған кезі болды. Сонымен, тек кейбір мемлекетттік және өкіметке жақын ұйымдар, соның ішінде «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі де, соңғы кезге дейін қолданған. Ағымда барлық жерде де UTF-8 белгішелеу қолданылады.

Пернетақта жаймасы

Қазақ пернетақта жаймасы (Ё әрпі әдетте орыс жаймасына көшіп теріледі)

Қазақ пернетақта жаймасы орыс теруіш жаймасы негізінде дамытылған және де РСТ ҚКСР 903-90 қалпында бекітілген. Осы жайма Юникодпен қуатталған: Windows (NT тұқымдасындағы 2000, XP, Server 2003, Vista одан жоғары нұсқалары да) және Linux амал жүйелерімен жеткізіледі.

Қазақтың өзіндік әріптері пернетақтаның жоғарғы тізбегіндегі сан аясы орнында орналасады. Ал, сан және басқа нышандар (/, *, –, +) енгізу үшін көмекші сан пернетақтасы пайдаланылады. Осы себептен қалыпты жаймада бейәріп нышандарға және Ё әрпіне орын табылмаған.

Араб жазуы негізінде

Араб әліпбиінде — 29 әріп және бір белгіше бар (ٴ) — «жоғарғы һәмзә», бүкіл сөздегі жіңішке дауысты дыбысты белгілеу үшін, сөздің басына қосылады (тек жіңішке дауыстыларымен әрдайым үйлесетін Г және К әріптерінен тыс). Жазу әдісі парсы мәнерінде негізделінген. Жазу бағыты оңнан солға.

Қарахан әулеті мезгілінен (10 ғ.) бастап Қазақстан жерінде түркі тіліндегі мәтіндерді жазып алу үшін пайдаланылған.

Көп мезгілде абжад түрінде боп қалды, яғни тек дауыссыз дыбыстарды белгілеуімен. 1924 жылы қазақ фонетикасындағы дауысты дыбыстарын дұрыс белгілеу үшін қайта құрастырылған. Жобаны жасаған Ахмет Байтұрсынұлы оны «төте жазу» деп атаған («Жаңа емле» деп де аталған). 1929 жылы латын жазуы негізіндегі « Жаңәліп» әліпбиіне ауыстырылды.

Оны қазір де Шығыс Түркістан қазақтары (сонымен бірге кейбір ұлттық ерекше өзгешеліктерімен қырғыздар мен ұйғырлар да) қолданады. Араб жазуын пайдаланатын Ауғанстан, Иран Пәкістан және Таяу Шығыс елдерінде де қазақ шетжұрты қолданады.

Төте жазу үлгілері

Төменгі кестеде төте жазуының әліпбиі берілген. Әр әріптің дара жазылу нұсқасы, сөздің басында, ортасында[7] және аяғында жазылу нұсқалары берілген. Әріптердің үстінде сыртқы сілтеме[8] түрінде сәйкесті юникод кодтары[9] берілген.

Жалпы
Unicode
Сөздегі орны бойынша жазылу түрлері Атауы Кирил
жазу сәйкесі
дара аяғында ортада басында
0627
ا
FE8D
FE8E
әліп а, ә¹
0628
ب
FE8F
FE90
FE92
FE91
ба б
067E
پ
FB56
FB57
FB59
FB58
па п
062A
ت
FE95
FE96
FE98
FE97
та т
062C
ج
FE9D
FE9E
FEA0
FE9F
жійм ж
062D
ح
FEA1
FEA2
FEA4
FEA3
ха х
062F
د
FEA9
FEAA
дәл д
0631
ر
FEAD
FEAE
ре р
0632
ز
FEAF
FEB0
зайн з
0633
س
FEB1
FEB2
FEB4
FEB3
сыйн с
0634
ش
FEB5
FEB6
FEB8
FEB7
шыйн
(сыйн үш ноқат)
ш
0639
ع
FEC9
FECA
FECC
FECB
айн ғ
0641
ف
FED1
FED2
FED4
FED3
фа ф
0642
ق
FED5
FED6
FED8
FED7
қаф қ
0643
ك
FED9
FEDA
FEDC
FEDB
кәф к
06AF
گ
FB92
FB93
FB95
FB94
гәф г
0644
ل
FEDD
FEDE
FEE0
FEDF
ләм л
0645
م
FEE1
FEE2
FEE4
FEE3
мійм м
0646
ن
FEE5
FEE6
FEE8
FEE7
нұн н
06AD
ڭ
FBD3
FBD4
FBD6
кәф үш ноқат ң
06D5
ە
FEE9
FEEA
һә е
0648
و
FEED
FEEE
уау о, ө¹
06C7
ۇ
FBD7
FBD8
уау дамма ұ, ү¹
06CB
ۋ
FBDE
FBDF
уау үш ноқат у
06C6
ۆ
FBD9
FBDA
уау құсбелгі в
0649
ى
FEEF
FEF0
FBE9
FBE8
я ы, і¹
064A
ي
FEF1
FEF2
FEF4
FEF3
я екі ноқат й
0674
ٴ
дәйекше (һәмзе) жіңішкелік белгісі
¹Дәйекшемен

Бейресми қосымша әріптер. Өте сирек кездеседі.

Жалпы
Unicode
Сөздегі орны бойынша жазылу түрлері Атауы Кирил
жазу сәйкесі
дара аяғында ортада басында
0686
چ
FB7A
FB7B
FB7D
FB7C
ха үш ноқат ч
06BE
ھ
FBAA
FBAB
FBAD
FBAC
һә екі көз һ