Қазақ тілі

Қазақ тілі, قازاق ٴتىلى, Qazaq tili
Айтылуы:

qɑˈzɑq tɘˈlɘ

Елдер:

Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Украина, Өзбекстан, Ресей, Иран

Ресми күйі:

 Қазақстан (мемлекеттік тіл)
 Ресей:

Реттейтін мекеме:

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі

Сөйлеушілер саны:

13 млн адам

Рейтинг:

87 орын

Классификация
Санаты:

Еуразия тілдері

Алтай тілдері (даулы)

Түркі бұтағы
Қыпшақ тобы
Ноғай-қыпшақ топ тармағы
Жазуы:

кирилше (орысша), төте жазу (арабша), латынша (Қазақ әліпбиін қараңыз)

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

каз 255

ISO 639-1:

kk

ISO 639-2:

kaz

ISO 639-3:

kaz

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын: qazaq tili) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын.

Қазақ тілі диалектілерге бөлінбейтіні ғылыми түрде дәлелденген. Барлық өлкелердің қазақтары бір-бірін жақсы түсінеді. Бірақ кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: солтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс (ескі үш жүздің орналасқан аумағы бойынша).

Жазуы

Толық мақаласы: Қазақ жазуы

Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. 1929 жылға дейін Қазақстанда қазақ араб жазуы пайдаланылды. 20 ғасыр басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген ‘’төте жазу‘’ пайдаланылған. Қазіргі кезге дейін Қытай еліндегі қазақтар осы жазу үлгісін пайдаланады. 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасы қолданылып, 1940 жылдан қазірге дейін кирилл әліпбиі қолданылуда. 2025 жылдан қазақ тілі латын графикасына ауысуы жобалануда. Түркия мен Батыс елдердегі қазақтар әртүрлі латын жазуына негізделген әліпбиді пайдаланады. 2000 жылдан бастап Тура Жазу енгізіле басталды, латын және кирилше түрінде. Тура Жазу Ахмет Байтұрсынұлы дыбыс жүйесін қолданады, оны енгізумен жекеменшік, мемлекеттік емес орталық айналысады.

Латын жазуы (ana tili) Араб жазуы Кирил жазуы Barlıq adamdar twmısınan azat jäne qadir-qasïyeti men quqıqtarı teñ bolıp dünïyege keledi. Adamdarğa aqıl-parasat, ar-ojdan berilgen, sondıqtan olar bir-birimen twıstıq, bawırmaldıq qarım-qatınas jasawları tïis. بارلىق ادامدار تۋمىسىنان ازات جانە قادىر-قاسيەتى مەن قۇقىقتارى تەڭ بولىپ دۇنيەگە كەلەدى. ادامدارعا اقىل-پاراسات، ار-وجدان بەرىلگەن، سوندىقتان ولار ءبىر-بىرىمەن تۋىستىق، باۋىرمالدىق قارىم-قاتىناس جاساۋلارى ءتيىس. Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.
Латын жазуы (Tfura jazfu) Тура жазу Barlwkh adamdar tfumwswnan azat jcne khadwr-khaswveti men khfkhwkhtarw tex bolwp dynivege keledi. Adamdargha akhwl-parasat, ar-ojdan berilgen, sondwkhtan olar bir-birimen tfuwstwkh, bauwrmaldwkh kharwm-khatwnas jasaularw tivis. Барлық адамдар тұумысынан азат және қадыр-қасиеті мен кұқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.