Қазақ транслитерациясы

Қазақ транслитерациясы

Транслитерация Жүйесі

Кирилл <−> латын

ҚазАқпарат Латыны

2004 ж. бері "ҚазАқпарат" мемлекеттік ақпарат агенттігі"[1] шет елдегі қандастарымыздың жаңалықтардан хабардар болуы үшін транслитерация жүйесін енгізген болатын. Ол жүйеде қазақтың кирил әріптері CP1254 ( ISO 8859-9) кодтамасындағы түрік әріптерімен алмастырылатын.

Бұл жүйе Қазнеттің стандартына айналды-мыс. Шетелге бағытталған ресурстар веб беттер мен электронды поштада осы жүйені қолданады.

ҚР ҒА Тілдер Институты осы жүйені қазақ жазуының латын алфавитіндегі жаңа стандарты болады деген сенімде. Қосымша Транслитерация жүйелерінің салсытырмалы кестесін қараңыз.

Латиница ГОСТ

Түпнұсқа мәтіні ISO 9:1995 болып табылатын Қазақстанда қолданылып жүрген мемлекетаралық стандарт ГОСТ 7.79-2000, әріп ауыстыруды А (диакритика) и Б (қосарлы әріптер) жүйелері бойынша көздейді.

ГОСТ 7.79-2000-де делінген:

'«Славян емес тілдерде қос-әріптер пайдаланылыған жағдайда, олардың әріп ауыстыру жүйелері дербес (мемлекеттік) стандарттарда айқындалады»'

Бірақ та Қазақстанда қазақ-кирил мәтіннің қосарлы әріптер негізінде (жүйе Б) латынға әрпін ауыстырудың ережелері тиісті ұлттық стандарт ретінде күні бүгінге дейін (2006 жылдың орта кезі) қабылданбай келеді.

Жүйе А

‘Жүйе А' — қатал транслитерацияда (әріп ауыстыруда) кеңейтілген кириллицаның әрбір әрпіне кеңейтілген латиницаның жеке бір белгісі немесе арнайы символы cәйкес келеді. Басқаша ғылыми транслитерация аталады.

Жүйе Б

‘Жүйе Б' — жеңілдетілген транслитерацияда кеңейтілген кириллицаның әріптері ағылшын әліпбиінің жеке әріптеріне немесе қосарлы әріптеріне, сондай-ақ арнайы символдарына ауыстырылуы мүмкін.

Жүйе Б қарапайым

‘Жүйе Б қарапайым' — жеңілдетілген транслитерацияның түрі. Мұнда кеңейтілген кириллицаның әріптері ағылшын әліпбиінің жеке әріптеріне немесе қосарлы әріптеріне, сондай-ақ арнайы символдарына ауыстырылуы мүмкін. Сонымен қатар, мәтін бірегей танылған жағдайда, «гравис» арнайы символын жазбауға немесе оны H латын әрпіне ауыстыруға жол қойылады. Біржолғы кириллицадан латынға транслитерацияда қолданылады: SMS хабарларда, интернет-домен атауларында (мұнда арнайы символдар мүлдем қолданылмайды) т.б.

Қарапайым пиньинь

Қытайдағы қазақтар арабша мәтінді латыншаға ауыстырған кезде пиньинь негізінде жасалған ерекше транслитерация қолданылады. Кестеде мейілінше толық көрсетіледі (іс жүзінде гравистер жазылмауы мүмкін). Қараңыз. Транслитерация жүйелерінің салыстырмалы кестесі

Кирилл <−> кирилл

Казновица

Казановица немесе казновица (казахская новая кириллица)[2] — қосарлы әріптер немесе ( диграфтар) пайдалану негізінде қазақ әліпбиінің әріптерін орыс әліпбиінің әрпітеріне ауыстыру яғни транслитерация болып табылады. «Казновица» авторы (Андрей Владимирович Сергеев) идеясының негізінде — алмандықтардың жаңа орфографиясында қолданылатын ( умлауттары: Ä, Ö, Ü және лигатуралары ß бар әріптерді: АЕ, OE, UE и SS сияқты қосарлы әріптерге ауыстыру тәжірибесі жатыр). Казновица қаңидаттары солтүстік-қауқаз түріктерінің, дәлірек айтқанда ( қарашай–балқар, құмық немесе ноғай) жазуларындағы принциптерге ұқсас келеді.

«Казновицада» орыс алфавитіне кіретін және латынның « әрпінен табиғаты мүлдем бөлек «і» қазақ әрпі ғана қолданылады. Қазақ тілінің ерекше әріптері дыбысталуы жағынан жақын келетін твердый және мягкий белгісі диакритика ретінде қойылып жазылатын орыс әліпбиіндегі қосарлы әріптермен беріледі. Қараңыз. Транслитерация жүйелерінің салыстырма кестесі Автордың айтуынша, UTF-8 стандартын қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда, «казновица» кәдеге жаратылады.

Транслитерация жүйелерін салыстыру

Транслитерация жүйелерінің салыстырма кестесі

Кирил Казновица Жеңілдеткен
пин-ин
Латын
ГОСТ (А)
Латын
ГОСТ (Б)
Латын
ГОСТ (Б жең.)
Латын
QazAqparat[1]
Alash
әліпбиі[2]
Аa Аa Аa Аa Аa Аa Aa a
Әә Аь аь А`a` A̋a̋ А`a` А`a` Ää a
Бб Бб Bb Bb Bb Bb Bb b
Вв Вв Vv Vv Vv Vv Vv v
Гг Гг Gg Gg Gg Gg Gg g
Ғғ Гъ гъ Qq Ġġ Gh gh Gh gh Ğğ gh*
Дд Дд Dd Dd Dd Dd Dd d
Ее Ее Ee Ee E`e` Ee Ee e
Ёё Ёё Ë ë Yo yo Yo yo Yo yo
Жж Жж Jj Žž Zh zh Zh zh Jj j(zh)
Зз Зз Zz Zz Zz Zz Zz z
Ии Ии Yy Ii I` i` I` i` Ïï i (iy) *
Йй Йй Yy Jj Jj Jj Yy (Y`y`) y
Кк Кк Kk Kk Kk Kk Kk k
Ққ Къ къ K`k`, Kh kh Ķķ Qq Qq Qq q
Лл Лл Ll Ll Ll Ll Ll l
Мм Мм Mm Mm Mm Mm Mm m
Нн Нн Nn Nn Nn Nn Nn n
Ңң Нъ нъ Ng ng Ņņ Nh nh Ng ng Ññ ng (nq)*
Оо Оо Oo Oo Oo Oo Oo o
Өө Оь оь O`o` Ôô O`o` O`o` Öö o*
Пп Пп Pp Pp Pp Pp Pp p
Рр Рр Rr Rr Rr Rr Rr r
Сс Сс Ss Ss Ss Ss Ss s
Тт Тт Tt Tt Tt Tt Tt t
Уу Уу Ww Uu Ww Ww Ww u, ou*
Ұұ Уъ уъ Uu U̇u̇ Uu Uu Uu u
Үү Уь уь U`u` Ùù U`u` U`u` Üü u*
Фф Фф Ff Ff Ff Ff Ff f(ph)
XX XX Hh Hh Xx Xx, Kh kh Xx kh
Һһ Xъ хъ H`h` Ḥḥ H`h` Hh Hh kh*
Цц Цц Cc Cz cz, Cc Cz cz, Cc Cc c (ts)
Чч Чч Čč Ch ch Ch ch Çç ch*
Шш Шш Xx Šš Sh sh Sh sh Şş sh*
Щщ Щщ Ŝŝ Shh shh Shsh shsh Şş şş sh
Ъъ Ъъ ʺ `` (ʺ) ' ()
Ыы Ыы Ee Yy Y`y` Yy i(i)*
Іi Ii Ii Ìì Ii Ii İi i
Ьь Ьь ʹ ` (ʹ) ',
Ээ Ээ Èè E`e` Ee Ee (Éé) e
Юю Юю Ûû Yu yu Yu yu Yu yu yu
ия ia

Мысал

Транслитерация мысалы. Мәтін — Қазақстан әнұранынан алынған үзінді:

«ҚазАқпарат» ГОСТ (жеңілдеткен) «Alash»

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Meniñ elim, meniñ elim,
Güliñ bolıp egilemin,
Jırıñ bolıp tögilemin, elim!
Twğan jerim meniñ — Qazaqstanım!

Mening elim, mening elim,
Guling bolyp egilemin,
Zhyryng bolyp togilemin, elim!
Twghan zherim mening — Qazaqstanym!

مەنئڭء ەلئمء , مەنئڭء ەلئمء ,
 گۇلئڭء بولئپ ەگئلەمئنء ,
  جئرئڭ بولئپ توگئلەمئنء , ەلئمء!
تۋعان جەرئمء مەنئڭء — قازاقستانئم