Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
орыс. Казахская Советская Социалистическая Республика
МедальдарыМедалге ие болмаған
Қазақстан  Қазақстан тарихы
Emblem of Kazakhstan.svg
Ежелгі Қазақстан тарихы

Андронов мәдениеті
СақтарҮйсіндерҚаңлыларҒұндар

Қазақстанның ерте орта ғасырлардағы мемлекеттері

Түркі қағанаты (552603)
Батыс Түрік қағанаты (603704)
Түргеш қағанаты (704756)
Қарлұқ қағанаты (756940)
Қаңғарлар • ҚимақтарОғыздар
ҚарахандарҚарақытайларҚыпшақтар

Қазақстанның орта ғасырлардағы мемлекеттері

Моңғол империясы (12051291)
Жошы ұлысы (12241481)
Шағатай ұлысы (12221370)
Орда Ежен ұлысы (12421446)
Шайбани ұлысы (1243 — ?)
Ақ Орда (XIIIXV ғғ.)
Көк ОрдаӘбілқайыр хандығы (14281480)
Ноғай ордасы (14401634)
Сығанақ хандығы (13401379)
Моғолстан (13461706)
Ташкент хандығы (15011627)

Қазақ хандығы мен жүздері

Қазақ хандығы (14651847)
Ұлы жүз (17151822)
Орта жүз (17151822)
Кіші жүз (17151731)

Ресей империясы құрамында

Бөкей ордасы (18011872)

Қазіргі заман

Алаш автономиясы (19171920)
Түркістан автономиясы (19171918)
Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (19201925)
Қазақ АКСР-і (19251936)
Қазақ КСР-і (19361991)
Қазақстан Республикасы (1991—қазір)



Портал «Қазақстан»
Санат «Қазақстан тарихы»

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.

Мемлекеттік құрылысы

Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалисттік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалды республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.

Ел басшылары

Коммунистік партияның қырғыз өлкелік комитетінің хатшылары:

30 Сәу. 1919 — Там. 1920 Станислав Станиславович Пестковский (1882 — 1937)
Там. 1920 — Қаңт. 1921 Иван Алексеевич Акулов (1888 — 1937)
Қаңт. 1921 — Шіл. 1921 Мұхаммед-Хафий Мырзағалиев (1887 — 1941)
Шіл. 1921 — 1921 Мария Михайловна Костеловская (1878 — 1964)
1921 — Қырк. 1924 Георгий Алексеевич Коростельев (1885 — 1932)
1924 — 19 Ақп. 1925 Виктор Иванович Нанеишвили (1878 — 1940)