Қазақтар

Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Қазақ (мағына) деген бетті қараңыз.

Қазақтар
AbaiPainting.jpgAbylai khan.jpgKurmangazy 175.jpgUSSR stamp Ch.Valikhanov 1965 4k.jpg
Altynsarin.jpgMashhur Zhusup.jpgBaitursynov.jpg
Абай ҚұнанбайұлыАбылай ханҚұрманғазы СағырбайұлыШоқан Уәлиханов
Ыбырай АлтынсаринМәшһүр Жүсіп КөпеевАхмет БайтұрсынұлыӨтейбойдақ Тілеуқабылұлы
Бүкіл халықтың саны
15 000 000 аса
Ең көп таралған аймақтар
 Қазақстан12 000 610 (01.01.2017)[1]
 Қытай1 400 000 — 1 500 000[2]
 Өзбекстан800 000  — 1 100 000[3]
 Ресей647 732 (2010)[4]
 Моңғолия101 526[5]
 Түрікменстан40 000 [6]
 Қырғызстан32 900[7]
 Иран9 000[8]
 Украина5 526[9]
 Беларусь1 355 (2009 ж.)[10]
 Тәжікстан900[11]
Тілі

қазақша

Діні

Ислам діні

Этникалық топтары

ноғайлар, қарақалпақтар

Қазақтар — Орталық Еуразияны мекендейтін түркітілдес этнос және ұлт. Дешті-Қыпшақ даласын мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақтар ретінде Қазақ хандығының құрылуымен белгілі бола бастады. Тілдік құрылымы жағынан Түркі тілдес халықтардың солтүстік-батыс қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілінде сөйлейдi.

Қазақтар Қазақстанмен көршілес Моңғолия (Баян-Өлгей аймағы), Қытай (Іле Қазақ аутономиялық облысы), Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінің жерін бірыңғай қоныстаған. Қазақстандағы қазақтар саны 12 млн. адам (2017 ж), әлемде шамасында 16 млн. адам құрайды.

Ұрпағы үшін өмір сүрген халық

Бала мен ұрпақ мәселесі көшпелі жұртышылықтың қашанда назарынан түсіп көрген емес. Ең ұлы адамдардың өздері де балам болса деп армандайды. Бала – келешек өмірдің тірегі. Мұрагері жоқ отбасының болашағы да жоқ. «Адам өзі мың жасамайды, ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз. «Балалы үй – Базар, баласыз үй қу мазар» дейтін де мақал бар. Бүкіл тарихи ғұмырын ат үстінде өткізіп неше рет өліп, неше рет тірілген көшпелілер ұрпақ мәселесіне айырықша мән берген. Ақылды да көрікті әрі тәртіпті балаларды тәрбиелеу үшін ата-бабамыз қолдан келгеннің бәрін істеумен болды. Көшпелілердің сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, көк түрік, қыпшақ, арғын, алшын, найман және т.б. бірлестіктері мен ру-тайпалары өздерінің ауызша өлең-жырларында да ең алдымен ұрпақ мәселесін сөз қылып отырған. Фольклорымыз бен ауыз әдебиетіміз педагогикалық ілімге толы. Қай шығарманы алсаңыз да, ананы ардақтау, балаға жан-жақты тәрбиелеу мәселелері көркемдікпен әңгіме болатынын байқайсыз. Ғасырлар бойы жинақталған тәжірибені адамдар арттағы ұрпаққа қалдыруға тырысып отырды. Тіпті ертегілердегі ақ қасқыр, самұрық құс, боз інген сияқты хайуанаттар бейнелерінен де ұрпағы үшін жанын пида ететін ана образын көре аласыз. Біздің ежелгі замандарда өмір сүрген арғы бабаларымыз балаларына не тіледі екен? Қандай мақсат көздеді олар? Заманымыздың көрнекті ғұламасы Әлкей Марғұлан ертедегі ауыз әдебиеті түрлеріне арнаған салиқалы еңбегінде былай деп жазған еді: «Қой бастаған ақ қошқар сенікі болсын. Тікірейген құлағының түбінде қара қалы бар, көзі мөлдіреп, үйірін бастаған ақ боз айғыр сенікі болсын, құлыншағым. Жалы желмен желбіреп, адамдардың үрейін ұшырап келе жатқан қара бура да, оның соңынан ерген түйе келесі де сенікі болсын. Азуы ақсиған қасқыр көрсе, қарағайдай мүйізін шаншып, тарпа бас салатын боз бұқа да, ол бастаған сиыр табыны да сенікі болсын.» Аз сөзбен барлығын айтып беру мүмкін емес, бірақ көшпелілердің өз ұрпақтарына қалдыратын аманаттарын былай жіктеуге болар еді: 1. Нәрестенің бесігінен бастап оған қатысы бар заттардың барлығына құрметпен, ұқыптылықпен қарау. 2. Келешек ұрпақты өмірге әкеліп, тәрбиелейтін әйел затына сыйластықпен қарау. 3. Жастар мен жас сарбаздарды жылқыға, ат әбзелдері мен ер- тұрманын дайындай білуге үйрету. Ежелгі сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың Көкшетау, Бурабай, Қарғалы, Шелек, Есік төңірегінен табылған археологиялық мұрадары бұл жұрттардың бала бесігіне, бесіктің безендірілуіне жете мән бергенін байқатады. Әдетте бесікті өте сапалы ағаштан жасап, оны алтын жалатқан бүркіт бейнелерімен, сом алтыннан құйылған бөрі мүсінімен әшекейлеген. Бұлар тұмар сияқты баланы сақтайды деп сенген. Осыдан- ақ көшпелілердің өз балаларын бүркіт пен қасқыр сияқты сымбатты әрі күшті болғанын қалаған байқау қиын емес. Бабаларымыз бала тәрбиесіне қатты ден қойған. Бұл кейбіреулер сияқты баланы босқа мәпеледі деген сөз емес. Тіршіліктерінің басты шарты кеңістік пен уақыт ішіндегі қозғалыс болған көшпелілер қауымында өмірге келген баланың көзқарасы да өзінше қалыптасқан. Әке- шешенің аялы алақанында тәрбиелене жүріп- ақ, бүркіт пен көкжал бөріні пір тұта білді, тез есейді. Сөйтіп жастайынан-ақ ер қанаты аттың құлағында ойнап шыныққан сарбаз болып өсті. Ертедегі сақтардың, үйсіндердің, қаңлылар мен ғұндардың барлығы да ат үстінде жүріп, өмір өткізген жауынгер еді. Бейбіт заманда өз ісімен айналып жүрген малшы шапқыншылық жағдайында лезде қылыш-найзамен қаруланған жауынгер болып шыға келетін. «Қиын-қыстау шақта шайқасқа даяр тұру, жауға қарсы шығу я болмаса алыс жорыққа аттану олардың өмірде ісі болатын» деп,таңырқай жазды ертедегі тарихшылар. Жойқын соғыстан кейін ауылда кемпір-шал, бала-шаға ғана қалған уақытта 12-13 жасар жеткіншек балалардың қолдарына қару алып, ел қорғауға шықан кездері жиі кездескен. Ұланғайыр өлкені мекен етіп жатқан көшпелі қазақтар сан мәрте түрлі шапқыншылықтарды бастан өткізді. Соған қарамастан, халқымыздың келешек ұрпақ жайлы қамқорлығы сол қалпында сақтала отырып, бізге жеткен.