Эстрада оркестрі

Эстрада оркестрі - жеңіл музыка шығармаларды орындауға арналған оркестрлік ұжым атауы. Құрамына қарай мүндай ұжымдар әр қилы болып келеді. Ол орындаушылар кұрамына байланысты симфониялық оркестрге жетеқабыл ірі (мысалы, Қазақ мемлекеттік радиосы мен телевизиясының эстрадалық - симфония оркестрі) немесе шағын аспаптық ансамбльдерге (эстрадалық триолар, квартеттер, т.б.) бөлінеді. Әдетте шағын эстрада оркестрілері үрлемелі (4-6 саксофон, 2-3 тромбон, 2-4 труба, т.б. муз. аспаптан), соқ-палы аспаптар тобынан, фортепьяно, гавайя гитарасы, контрабас, кейде бірнеше скрипкадан тұрады. Қүрамы жағынан осы муз. аспаптардан құралған шағын Эстрада оркестрі, негізінен, джаз музыкасын орындауға пайдаланылады.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8