Эренгольд

"Эренгольд" - әуесқой неміс ән-би ансамблі. 1971 жылы Павлодар облысының Успен ауданындағы Қазақстанның 30 жылдығы атындағы ұжымшарда ұйымдастырылды, 1974 жылы оған халық ансамблі атағы берілді. Жетекшісі Қазакстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері А.И. Шиллер болды. Репертуарынан неміс халық әндері мен билері, хореогафиялық композиңиялар орын алды. Ансамбль ұжымы гастрольдік сапармен Алматы, Қарағанды, Ақмола т.б. бірқатар облыстарда болып, өнер көрсетті. Кезінде ұжым Еңбекшілер көркемөнерпаздар шығармаларының республикалық және одақтық байқауларының бірнеше дүркін жүлдегері атанды.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8