Экслибрис

Экслибрис(лат. libris - кітаптан), кітап белгісі - кітаптың кайда, кімге тән екендігін айқындайтын таңба-белгі.

Экслибрис кітап мұкабасынын ішкі бетіне жапсырылады. Көбіне кітап-таңба белгілері гравюра, литография түрінде жасалады. Экслибрис жасаумен айналыскан әйгілі шеберлер қатарында:

  • А.Дюрер, Г.Гольбейн (кішісі), Л.Кранах. Ф.Буше, У.Хогарт, АМаттис, Ф.Мазереель, В.Клемке (Бат. Еуропада);
  • А.Н. Бенуа, В.А. Фаворский, П.Я. Павлинов, Е.Е. Лансере, Д.И. Митрохин, А.Д. Гончаров, А.И. Кравченко (Ресейде), т.б. бар.


20 ғасырдын 50-жылдарының соңынан бастап Қазакстанда да экслибрис бой көрсете бастады. Экслибрис көрмесі тұңғыш рет Алматы каласында (1968) өткізілді. Бұдан кейін 1971 жылы 1-Республикалық, 1983 жылы 2-Республикалық кітап-таңба белгілері қойылған экслибрис көрмелері (Алматы) болып өтті. Экслибристі дамытуда белгілі суретшілер В.И. Антощенко-Оленев, Н.С. Гаев, А.А. Гурьев, Р.Сахи, сондай-ак, А.Атабакиев, Қ.Зәкіров, И.Исабаев, Б.Ненахов, Ә.Өтегенов, Б.Пак, Т.Тілеуішев, т.б. елеулі еңбек етті.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8