Шымкент

Қала
Шымкент
Таңбасы
Таңбасы
ЕлҚазақстан
СтатусыОблыс орталығы
ОблысыОңтүстік Қазақстан облысы
Аудандар саны3
Координатасы42°18′ с. е. 69°36′ ш. б. / 42.300° с. е. 69.600° ш. б. / 42.300; 69.600 (G) (O) (O) (Я)
ӘкіміҒабидулла Әбдірахымов
Құрылған уақытыXIІ ғ.
Бұрынғы атауыШымкент, Черняев
Жер аумағы347 км²
Биіктігі506 м
Ресми тіліқазақ тілі
Тұрғыны 885 799[1] адам (2016)
Ұлттық құрамықазақтар 64,76 %
орыстар 14,52 %
өзбектер 13.70 %
татарлар 1,54 %
басқалары 5 %
Этнохоронимшымкенттік
Уақыт белдеуіUTC+6:00
Телефон коды+7 7252
Пошта индекстері160000
Автомобиль коды13
Ресми сайтыhttp://www.shymkent.gov.kz
 (қаз.)  (орыс.)
Шымкент (Қазақстан)
Red pog.png

ШымкентҚазақстандағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы.

Тұрғыны шамамен 885 799 адам (2016 жыл). Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда тұрғыны жөнінен 2-ші орында (Алматыдан кейін). Осымен қатар, Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады.

Этимологиясы

Ғалымдар Шымкент туралы кездесетін әр түрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын "бау-бақшалы қала", "Жасыл қала", "Шыммен қоршалған қала" - деп түсіндіреді. Мысалы, шымға қатысты қала атауы былай деп түсіндіріледі: Шымкент түркінің "Шым" және иранның "Кент" - қала, мекен деген сөздерінен құралған. Ал басқа түсіндірмеде қала атауы соғдының (иранның) "чиминь-чемень" яғни, көгалды, гүлденген ал-қап, ал бұған "Кент" сөзінің жалғануымен, "жасыл (гүлденген) қала" деген мағынаны береді.