Швейцария

Швейцария Конфедерациясы
нем. Schweizerische Eidgenossenschaft
фр. Confédération suisse
итал. Confederazione Svizzera
ромш. Confederaziun svizra
Flag of Switzerland (Pantone).svgCoat of Arms of Switzerland (Pantone).svg
БайрақЕлтаңба
Ұран: ««Unus pro omnibus omnes pro uno» лат. «Біреуі барлығы үшін, барлығы біреуі үшін»»
Әнұран:
LocationSwitzerland.png
Тәуелсіздік күні1 тамыз 1291 жарияланған
24 қазан 1648 мойындалған
1848 жылы федерация, Конференция (БҰҰ-на кіргеннен кейін)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдерінеміс тілі
француз тілі
италиян тілі
романш тілі(швейцарлық ретороман тілі)
ЕлордаБерн
Ірі қалаларыЦюрих, Женева, Базель, Берн, Лозанна
Үкімет түріПарламенттік республика
Федерация кеңесіСимонетта Соммаруга,
Эвелине Видмер-Шлумпф
Ули Маурер
(вице-президент)
,
Дорис Лойтхард,
Дидье Буркхальтер,
Ален Берсе,
Йоханн Шнайдер-Амманн
(Швейцария президенті)
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 133-ші-орын
41,284 км²
4,2
Жұрты
• Сарап (2008)
Тығыздығы

7.700.200 адам (95-ші)
181,4 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2009)
  • Жан басына шаққанда

400 млрд. $ (23-ші)
60 мың. аса $
АДИ (2011) 0,903 (өте жоғары) (11-ші)
ВалютасыШвейцария франкі
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.ch
ISO кодыCH
ХОК кодыSUI
Телефон коды+41
Уақыт белдеулері+1

Швейца́рия (нем. die Schweiz, фр. Suisse, итал. Svizzera, ромш. Svizra), ресми атауы — Швейцария Конфедерациясы (нем. Schweizerische Eidgenossenschaft, фр. Confédération suisse, итал. Confederazione Svizzera, ромш. Confederaziun svizra) — Орталық Еуропадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, оңтүстігінде Италиямен, шығысында Аустрия және Лихтенштейнмен шектеседі.

Халқы 7,3 млн. (2001), оның 65,6%-ы — неміс тілді швейцарлар, 22,8%-ы — француз тілді швейцарлар, 8,4%-ы —италиян тілді швейцарлар, 0,6%-ы — реторомандықтар [1]. Дінге сенушілердің 50%-ы католиктер, 48%-ы протестанттар.

Астанасы — Берн қаласы. Негізгі қалалары: Цюрих, Женева, Лозанна, Санкт-Галлен, Базель.

Швецария — федеративтік парламенттік республика. Мемлекет басшысы — Президент, жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы Федералдық жиналыс (Ұлттық кеңес пен кантондар кеңесі). Мемлекеттік тілі — неміс, француз, италиян тілдері. Ұлттық мейрамы — Конфедерацияның негізі қаланған күн, 1 тамыз (1291).

Швейцария — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымның, Еуропалық кеңестің (1963), 2004 жылы Шенген келісімінің мүшесі. Ақша бірлігі — швейцария франкі.

Табиғаты

Толық мақаласы: Швейцарияның табиғаты

Швейцария — таулы ел, көпшілік бөлігі Альпі таулары аумағында орналасқан (ел аум-ның 60%-ын құрайды). Оңтүстігінде Пеннин Альпісі, Лепонтин, Ретийя Альпісі мен Бернин массиві орналасқан. Бұл таулар бір-бірінен жоғарғы Рона мен алдыңғы Рейннің терең көлденең аңғарлары арқылы бөлінген. Негізінен кристалдық жыныстардан қалыптасқан биік, тегіс емес, қармен жабылған таулар терең шатқалдармен бөлшектенген.

Таулардың басында көптеген фирндік алаңдар мен мұздықтар бар (ел аум-ның 10%-ы). Негізгі асулары ( Үлкен Сен-Бернар, Симплон, Сен-Готард, Бернина) 2000 м-ден биік орналасқан. Солтүстік пен солтүстік-батысқа қарай Альпі аласара түсіп, мұздықтар сирей бастайды. Альпіден солтүстік-батысқа қарай ел аум-ның 1/3-іне жуығын алып жатқан Швейцария қыраты орналасқан. Ол 1000 — 1200 м-ден 400 м-ге дейін аласарады (Рейн мен Ааре өзендерінің аңғарлары). Мұнда ел халқының басым бөлігі шоғырланған, ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтары орналасқан. Сондай-ақ мұнда ең құнарлы а. ш. жерлер мен жайылымдар бар. Елдің солт.-батысында қатпарлы Юра таулары (Швейцария шегіндегі ең биік жері — Мон-Тендр тауы — 1679 м) жатыр.

Швейцарияның жануарлар дүниесі адамның шаруашылық қызметінің ықпалын күшті сезініп отыр. Қар құры мен ақ қояндар кең тарағанымен, таулардың жоғ. бөлігіне тән елік, бұғылар мен альпі суырлары сирек кездеседі. Жабайы жануарлар дүниесін қорғау жөнінде көп жұмыстар атқарылуда. Австриямен шекарада орналасқан Швейцария Ұлттық саябағын еліктер мен бұғылар, тауешкі мен түлкі мекендейді, сондай-ақ ақ құр мен жыртқыш құстардың бірнеше түрі кездеседі.

Швейцария - теңiзге шығусыз ел, аумағы үш табиғи аймаққа жiктеледі:

  • Солтүстігіндегі Юра таулары,
  • Отралығындағы Швейцария үстірті,
  • Оңтүстігінде Швейцарияның 61% жерін алатын Альпі таулары.

Солтүстiк шекарасы Швейцария Альпiлерiнiң ортасынан басталып Боден көлi мен Рейн бойымен орталығында бастайтын және шығыс шекарасының бөлiгiн құрастырған Рейн бойынша жартылай өтедi. Батыс шекарасы Юра таулары арқылы өтедi, оңтүстiк - Италиялық Альпiлер және Женевалық көлі бойымен.

Үстірт ойпатта жатыр, бiрақ оның көп жағы теңiз деңгейiнен 500 метр жағарыда орналасқан. Орманды жоталардан (1600 м дейін) тұратын жаңа қатпарлы Юра таулары Франция мен Германия аумағына дейін созылған. Швейцарияның ең биік нүктесі Пеннин Альпісінде орналасқан — Дюфур шыңы (4634 м), ең аласа нүктесі — Лаго-Маджоре өзені — 193 м.

Швейцарияда Еуропаның тұщы судың 6% орналасқан. Ең ірі өзеңдері - Рона, Рейн, Лиммат, Аaре.

Швейцарияның ең ірі он көлі:

  • Женева көлі (582,4 км²)
  • Боден көлі (539 км²)
  • Нёвшатель көлі (217,9 км²)
  • Лаго-Маджоре (212,3 км²)
  • Фирвальдштет көлі (113,8 км²)
  • Цюрих көлі (88,4 км²)
  • Лугано (48,8 км²)
  • Тун (48,4 км²)
  • Бильск көлі (40 км²)
  • Цугск көлі (38 км²)