Хамза Әбенұлы Якупбаев

Хамза Әбенұлы Якупбаев (3.8. 1930 жылы туған, Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш ауылы) - архитектор. 1959 жылы Мәскеу архитектор институтын бітірді. 1959 - 1966 жылдары "Казгрострой-проект" Бас Мемлекеттік жобалау институттарында архитектор, 1966 - 1967 жылдары Алматы қалалық атқару комитетінің құрылыс және архитектура істерінің техника қадағалау бөлімінің бастығы, 1968 -1969 жылдары "Алматыгипрогор" Мемлекеттік жобалау институты шеберханасының бас археология, 1969 - 1974 жылдары Типровуздың" шеберхана жетекшісі, 1975 - 1978 жылдары "Каз-граждансельпроектің" 1978 жылдан "Алмаатагипрогор" институтының бас архитекторы. Оның жобасьмен Достық үйі (1972, архитектор Р.Сейдалин, Л.А. Тименкомен бірге; Қазақстан Мемл. сыйл., 1974), ҚазПТИ-дің мүнай факультеті (1978), Алматы архитектор-құрылыс институтының бас корпусы (1980), ҚазҰУ-дың Білім үйі (1982), т.б. салынды.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8