Хайролла Мұғабияұлы Ғабжалилов

Ғабжалилов Хайролла
Қызметі:

«Алаш» тарихи зерттеулер орталығының президенті

Туған күні:

1950 жыл(1950)

Азаматтығы:

Қазақ елі

Ұлты:

Қазақ

Хайролла Мағауияұлы Ғабжалилов (29.04.1950, Тахтақөпір ауданы, Қарақалпақстан) - суретші, сәулетші, Қазақстанның төл ұлттық валютасы - теңгенің авторларының бірі.

Чехословакияның Прага қаласында суретші-сәулетшілер мектебін (1975), Самарқан сәулет-құрылыс институтын бітірген (1976). 1980 жылы Алматы қаласына келіп, "Қазқалақұрылыс-жоба" мемлекеттік жобалау институтында аға архитектор, топ жетекшісі, жобаның бас архитекторы қызметтерін атқарған. Ғабжалилов жобасы бойынша Жаңатас, Алматы қалаларында бірқатар ғимараттар мен тұрғын үйлер салынды. 1992 жылы Ғабжалилов "Қазақстан дизайн орталығының" бас директоры болып тағайындалды. Ол жетекшілік ететін арнаулы топ Қазақстан Ұлттық банкінің тапсырмасымен ұлттық валюта - теңгенің үлгі-жобасын жасау жұмыстарын атқарып шықты. Ғабжалилов 1999 жылдан Алматы құрылыс материалдары зауытының бас директоры.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8