Хайдар Рақымов

Хайдар Рақымов (18.8.1917, қазіргі Өскемен қаласы - 9.5.1980, Атматы) - кескіндемеші. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алматы көркем-сурет училищесін (1948) және қазіргі ҚазҰПУ-ды (1965) бітірген. Рақымовтың елеулі кескіндемелік еңбектері қатарында:" Абайдың туған жерінде" (1949), "Бұқтырма СЭС-і" (1958), "Ульбаның жаңа көпірі", "Комбайншы Ұрқьшбаевтың портреті", "Кенді Алтай" (1964), "Балықшылар", "Менің Қазақстаным" (1965), "Шұғыл тапсырма", "Тың көтерген Чапаев кеңшары" (1970) картиналар топтамасы т.б. Қызыл Жүлдыз орденімен және медальдармен марапатталған.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8