Украина

Украина
укр. Україна
Flag of Ukraine.svgLesser Coat of Arms of Ukraine.svg
БайрақЕлтаңба
Әнұран: «Ще не вмерла України ні слава, ні воля» (тыңдау )
Europe-Ukraine (disputed territory).svg
Еуропа картасында Украина. Жарқын түсі уақытша оккупацияланған аумағында
Тәуелсіздік күні24 тамыз 1991 жыл (КСРО-дан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліукраинша[1]
ЕлордаКиев
Ірі қалаларыКиев, Харьков, Днипро, Одесса, Донецк, Запорожье, Львов
Үкімет түріПарламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
ЖР төрағасы
Петро Порошенко (25 мамырдан 2014)
Владимир Гройсман (14 сәуір 2016)
Андрей Парубий (14 сәуір 16)
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 45-шы-орын
603 628[2] км²
7
Жұрты
• Сарап (2011)
Тығыздығы

45 665 281[3] адам (28-ші)
75,84 адам/км² (90-шы)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2008)
  • Жан басына шаққанда

337,268 млрд[4] $ (44-ші)
7 331[4] $
ЖІӨ (номинал)
  • Қорытынды (2008)
  • Жан басына шаққанда

179,604 млрд[4] $ (32-ші)
3 995[4] $ (97-ші)
АДИ (2010) 0,710[5] (жоғары) (82-шы)
ВалютасыУкраин гривнасы
(UAH,980 коды)
Қосымша мәліметтер
ISO кодыUA
ХОК кодыUKR
Телефон коды+380[6]
Уақыт белдеулері+2 (жазда UTC+3)

Украина (укр. Україна) — Шығыс Еуропадағы ірі мемлекет. Украина 24 облысы және Қырым Автономиялық Республикасынан тұрады. Жер көлемі – 600 мың шаршы шақырым. 50 миллиондай халқының 74 пайызы украиндар. Одан басқа поляк, словак, румын, мажарлар бар, олар елдің батыс жағында қоныстанған болса, ал орыстар негізінен шығысында тұрады.

Табиғаты

Rana temporaria - areal in Ukraine.jpg

Географиялық орнының ерекшеліктері мен алып жатқан ауданына байланысты Украина жерінің климат жағдайлары алуан түрлі болады. Құрлықтың ішкергі бөлігіне қарай орналасқан солтүстік-шығыс аудандарда қаңтардың орташа температурасы -8°С шамасында болса, солтүстігі таулармен қоршалған Қырымның оңтүстігінде бұл көрсеткіш +4°С-қа жетеді. Жауын-шашын мөлшері солтүстік- батыстан оңтүстік-шығысқа және оңтүстікке қарай азаяды. Карпатта жауын-шашынның көрсеткіші 1500 мм-ге жетсе, Қырымның батысы мен Днепр сағасында оның мөлшері 300 мм-ден де аз. Украинаның климат жағдайлары, жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы үшін қолайлы болып табылады. Оңтүстік аудандарда жауын-шашынның тапшылығы егістіктерді қолдан суаруды қажет етеді.

Карпаттағы ормандар

Ел аумағында өзен торы жиі, өзендер мен бұлақтардың жалпы саны 70 мыңнан асады. Өзендердің барлығы дерлік Қара және Азов теңіздерінің алқаптарына жатады. Тек қиыр батыстағы Буг өзені мен оның салалары Балтық теңізіне құяды. Елдегі ең ірі өзендер қатарына Днепр (Украина аумағындағы ұзындығы 981км), Днестр, Оңтүстік Буг жатады. Өзендердің көпшілігі кеме қатынасына жарамсыз және су энергиясына онша бай емес. Днепр өзенінде ірі бөгендер (Киев, Канев, Кременчуг, Кахов) салынған.

Украина жерінде орман, орманды дала және дала зоналары таралған. Елдің солтүстігіндегі ауыл шаруашылығына жарамсыз батпақты Полесье жерінде қарағайлы ормандар өседі. Карпаттың орман қорының шаруашылық маңызы бар. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығына жарамды жердің барлығы дерлік жыртылған, аралас жəне жалпақ жапырақты ормандар тек таулы аудандарда сақталып қалған. Жалпы алғанда, ормандар Украина аумағының 15%-ын ғана алып жатыр. Орманның сұр топырағы, қара және күрең топырақтар тараған алқаптарды егістіктер мен бау-бақшалар алып жатыр. Батпақты жерлерді ауыл шаруашылық мақсатта игеру қолға алынған, қазіргі кезде құрғатылған жерлер ауданы 2 млн. гектардан асады. Украина жерін мекендейтін жануарлар мен құстардың көптеген түрлерінің кәсіптік маңызы зор. Олардың арасында бұлан, елік, қабан, түлкі мен күзен, қырғауыл, сұр құр бар.

Вид з Вухатого Каменя на с. Дземброня.jpg

Ел рекреациялық ресурстарға бай. Сауықтыру-демалыс орындары, негізінен, Қара теңіз жағалауы бойында, Карпатта орналасқан. Әсіресе табиғи-климаттық жағдайлары қолайлы ұштасқан Қырым курорттары ( Ялта, Евпатория) айрықша көзге түседі. Қырымдағы Алупка және Мисхор табиғи саябақтарында өсімдіктердің чили араукариясы, ливае самырсыны , мексика қарағайы, магнолия тәрізді ерекше түрлері өседі. Ал Никита бағында Жер шарының түкпір-түкпірінен әкелінген сан алуан тропиктік және субтропиктік өсімдіктер өседі. Адам қолымен жасалынған бұл табиғат бұрыштары туристер назарын өзіне аударады. Карпатқа тау шаңғысымен айналысатын демалушылар көп барады, ал Карпат алдындағы Трускавец курортындағы табиғи минералды су емдік мақсатта пайдаланылады.