Төребай мазары - 18 ғасырдың 2-жартысына жататын архитектуралық ескерткіш. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы Мәстексай ауылынан шығысқа қарай 23 км жерде орналасқан. Ескерткіш, жоба бойынша, төртбүрышты (6,0x6,0 м) мазар түрінде салынған. Кірер есігі қазір сақталмаған, оңтүстік қабырғасында болған тәрізді. Қалған үш қабырғасы жарым-жартылай сақталған.[1]