Тәжікстан

Тәжікстан Республикасы
Ҷумҳурии Тоҷикистон
Flag of Tajikistan.svgEmblem of Tajikistan.svg
БайрақЕлтаңба
Әнұран: «Суруди миллӣ»
Tajikistan (orthographic projection).svg
Тәуелсіздік күні9 қыркүйек 1991 (КСРО-дан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдерітәжікше — мемлекеттік
орысша — ұлтаралық қатынас тілі
ЕлордаCoat of Arms of Dushanbe.png Душанбе
Ірі қалаларыДушанбе, Худжанд, Куляб, Курган-Тюбе, Хорог
Үкімет түріРеспублика
Президенті
Премьер-министрі
Эмомали Рахмон
Окил Окилов
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 93-ші-орын
142 000 км²
0,3
Жұрты
• Сарап (2011)
Тығыздығы

8 000 140[1] адам (95-ші)
53,3 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ
  • Қорытынды (2012)
  • Жан басына шаққанда

7,6 млрд $ (131-ші)
950 $
АДИ (2011) 0.607[2] (орташа) (127-ші)
ВалютасыСомони (TJS, код 141)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.tj
ISO кодыTJ
ХОК кодыTJK
Телефон коды+992
Уақыт белдеулері+5
Rudaki Park, Dushanbe, Tajikistan
Tajik mountains edit
Pamir Mountains, Tajikistan, 06-04-2008
Talco

Тәжікстан Республикасы (тәжікше Ҷумҳурии Тоҷикистон) — Орталық Азиядағы мемлекет. Оңт-нде Ауғанстанмен, солүстік мен батысында Өзбекстанмен, солтүстігінде Қырғызстанмен, шығысында Қытаймен шектеседі. Жер аумағы – 143,1 мың км2. Халқы – 6,579 миллион (2001). Халқының 62%-ын тәжіктер, 23%-ын өзбектер, 5%-ын орыстар, қалған 10%-ын түрікмендер, қазақтар, қырғыздар, корейлер, немістер, т.б. құрайды. Астанасы — Душанбе қаласы (608 мың адам) (2000). Ресми тілі – тәжік тілі. 1994 жылы қабылданған Конституциясы бойынша – президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Заң шығарушы органымеджлис. Тәжікстан құрамына Таулы Бадахшан автономиялы облысы (жер аумағы – 63,7 мың км2; халқы – 167 мың (2000); әкімшілік орталығы – Хорог қаласы) кіреді. Тәжікстан әкімшілік жағынан 3 облысқа бөлінеді. Ақша бірлігі – сомони.

Табиғаты

Жерінің 93%-ы Тянь-Шань, Гиссар – Алай және Памир тау жүйелеріне жататын таулардан тұрады. Жартысынан астамы теңіз деңгейінен 3 мың м биіктікте орналасқан. Тәжікстанның солтүстік жағын Құрама жотасы (биіктігі 3769 м), Моғолтау (1624 м), Түркістан жотасы, орталық бөлігін Гиссар – Алай тау жүйесі, оңтүстік-батысын Жылантау, Теректітау, Ақтау, Қаратау, шығысын Памир тау жүйесі алып жатыр. Тау аралықтарында Ферғана, Гиссар, Вахш, Төменгі Кафирнихон, т.б. аңғарлар орналасқан. Тәжікстанның климаты континенттік, қаңтардың орташа температурасы оңтүстік-батыстың тау аңғарлары мен тау бөктерлерінде 2°, –2°С, солтүстігінде –20°С-қа дейін; температураның абсолют минимумы Памирде (Бұлынкөл) –63°С-қа жетеді. Шілденің орташа температурасы 30°С-тан 0°С-қа дейін (Памирде); температураның абсолют максимумы 40°С (Төменгі Пяндж). Гиссар жотасының оңтүстік етегіне жылына 1600 мм жауын-шашын түседі. Тау аңғарлары мен қазан шұңқырларда 100 – 150 мм, Шығыс Памирде (Қаракөл) 72 мм ылғал түседі. Тәжікстан жеріндегі тау мұздықтарынан көптеген өзендер бастау алады. Басты өзендері – Сырдария мен Әмудария. Вахш, Пяндж және Кафирнихон өзендері Тәжікстан жерінің біраз бөлігін кесіп өтіп, Әмударияға барып құяды. Тәжікстанда өсімдіктердің 5 мыңдай түрі кездеседі. Өзен жайылмаларында тораңғы тоғайлары бар. Таулы аудандарының жартысын арша орманы алып жатыр. Ылғалды аудандарда жаңғақ, түркістан үйеңкісі, сиверс алмасы, алша, бұқара бадамы өседі. Тәжікстанның фаунасында сүт қоректілердің 81, құстың 365, бауырымен жорғалаушылардың 49, насекомдардың 7 – 8 мың түрі кездеседі. Жазық жерлер мен тау бөктерлерінде жайран, қабылан, бұхара бұғысы, қасқыр, барыс, борсық, жабайы шошқа; таулы өңірде сусар, аю, таутеке, арқар, т.б. мекендейді. Су айдындарында балықтың көптеген түрі бар.