Түркия

Түркия Республикасы
түр. Türkiye Cumhuriyeti
Flag of Turkey.svgCoat of Arms of Turkey.svg
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Yurtta Barış, Dünyada Barış
(қаз.
«Жұртта бейбіт, Дүниеде бейбіт»
Әнұран: «İstiklâl Marşı»
Turkey (orthographic projection).svg
Түркия орналасқан жер

Turkey relief location map.jpg
Тәуелсіздік күні1923 жылы, 29 қазан
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліТүрікше
ЕлордаАнкара
Ірі қалаларыЫстамбұл, Анкара, Измир
Бурса, Адана Анталия
Үкімет түріПарламенттік республикасы
Президенті
Премьер-министрі
Режеп Ердоған
Ахмет Дәуітоғлы[1].
Мемлекеттік дініЗайырлы мемлекет (Ислам)
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 37-ші-орын
783,562 км²
1.3
Жұрты
• Сарап (2017)
Тығыздығы

80.810.525 адам (17-ші)
97 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2008)
  • Жан басына шаққанда

960,500 млрд[2] $ (16-шы)
12 300[2] $ (14 - ші)
АДИ (2011) 0.699[3] (жоғары) (92)
ЭтнохоронимТүрік
Түріктер
ВалютасыТүрік лирасы
Қосымша мәліметтер
Әуе компаниясыTurkish Airlines
Интернет үйшігі.tr
ISO кодыTR
ХОК кодыTUR
Телефон коды+90
Уақыт белдеулері+2, жазда UTC+3
  1. Сондай-ақ, табылған: Дәуітоғлы
  2. a b ОББ (2010)
  3. Human Development Report 2011 (PDF). Тексерілді, 2 қараша 2011.

Түркия, Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 80.810.525 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Географиясы

Түркия ғарыштан көрінісі
Тавр таулары

Жағрафиялық орны, табиғат жағдайы. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азияда, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Жағрафиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия құрлықтарытың тоғысқан жерінде орналасқандығы. Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа құрлықтын жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның нышаны сияқты.

Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолдары. Босфор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су жолы жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде орналасқан. Боспор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан.

Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Армения, Грузия,Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сириямен, батысында Грекия, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі.

Жер бедері

Түркияның Еуропадағы Шығыс Фракия немесе Румеслей деп аталатын бөлігі биіктігі 1000 м-дей үстіртті төбелі болып келеді. Азия бөлігін ( Кіші азия немесе Анадолы ) түгелдей Кіші азия таулы қыраты алып жатыр. Елде ойпатты жерлер аз, тек теңіз жағалаулары мен өзен атырауларында онша үлкен емес жерлерді қамтиды. Қара теңіз жағалауына қатарласа ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары алып жатыр. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м., шығысындағы Качкар тауының биіктігі 3931 м. жартасты болып келетін альпілік шатқал тармақтарын асып өтетін тау аңғарларының болмауы елді мекендердің қарым-қатынасын қиындатады.

Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында Тавр күрделі тау жотасы орналасқан. Тавр таулары Батыс, Орталық және Шығыс Тавр жоталары болып бөлінеді.

Батыс Тавр таулары. Анталья бұғазы мен ойпатын доға тәрізді қоршап жатыр. Ең биік жері Бедағ ( 3086 м.) тауы. Тау жоталары арасында тұщы көлдерден Бейшехир, Эгридир, Сугла, ал тұзды көлдерден Аджиғөл, Ақшекер бар.

Орталық Тавр тау жоталары Батыс Тавр тауларына қарағанда жер бедері альпілік және биік болып келеді. Көптеген тау жоталарының биіктігі 3000 м-ден биік батысында Жерорта теңізіне жарасты болып құлай енеді. Мерсин тауының оңтүстігінде Адана аллювиальды ойпаты орналасқан.

Шығыс Тавр. Тау жоталары Мұрат өзені мен Ван көлінен Шығыс шекараға дейінгі аралықта жатыр. Осы аралықта Джило тау торабының биіктігі 4168 м. Тау жоталары Фыратт және Джиле өзендерінің аңғарымен тілімделген. Шығыс Таврдан оңтүстікке қарай кең алқапты Диярбақыр қазаншұңқыры алып жатыр. Шығыс Анадолының табиғаты әсем, теңіз деңгейінен 1720 м биіктікте Ван көлі орналасқан.

Елдің солтүстік шығысында Армения Республикасымен шекаралас ауданда Түркия Республикасының ең биік шыңы Үлкен Ағры тауы орналасқан. Ол сөнген жанартау, оның биіктігі 5165 м. Үлкен Ағры тауының қасында тағы бір сөнген жанартау Кіші Арғы ( 3925 м.) орналасқан. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмикалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкінулер жиі болып тұрады.

Пайдалы қазбалары

Түркия жерінде 100-ден астам түрлі пайдалы қазбалар кездеседі. Олар: хром, мұнай, тас көмір және т.б. Елде темір, қорғасын, мырыш,сынап кендері көп. Тұз көлінде көп тұз өндіріледі.