Тығыз индекс

Тығыз индекс (ағылш. dense index) - дерекқорға арналған файл. Бұл файл бірқатар қостан тұрады: кілт пен көрсеткіш. Әрбір кілт пен байланған көрсеткіш, сирек индекске қарағанда, дерек файлындағы жазбаға көрсетеді. Индекстерді қолдану себебі: қазырғы дерекқорлар өте үлкен болғандықтан олар компьютердің бас зердесіне (main memory) сыймайды. Сондықтан, жалпы деректер бас зердеге блоктарға бөліп еңгізіледі. Бірақ үлкен дерекқордан жазбаны табу ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Ал енді, индекс файлы немесе индекс блогы дерек файлынан әжептеур жеңіл болғандықтан бас зердеге сыйп кетеді. Бұл жазбаны іздеу уақытын азайтады. Тағы бір себеп, кілттер сортталған болғандықтан бинарлық іздеу қолдануға болады. Кластерлік, кілттері дубликатталған индекстерде тығыз индекс дерекқордағы кілті дәл келген бірінші жазбаға көрсетеді.


  • Дерекнама

Дерекнама

Database Systems: The Complete Book. Hector Garcia-Molina, Jeffrey D. Ullman, Jennifer D. Widom