Тромп

Тромп (фр. trompe, итал. tromba - құбыр) - архитектурада күмбез немесе барабан тұрғызу үшін қолданылатын құралымдық элемент. Ол астыңғы негіздің күмбез немесе барабанмен ұласар жеріндегі тіреуіш-дәнекер (төрт бүрышында) рөлін атқарады. Ғимарат негізінің төрт бұрышына бүрме қалау әдісімен жарты конусқа ұқсас Тромп тұрғызылады. Тромп кей жағдайда ғимараттың құлақ күмбездеріне, эркерге тіреуіш болады. Тромп Орта Азия, Закавказье мен Еуропа орта ғасырлық сәулет өнерінде (орыс сәулет өнерінде, негізінеи, 17 ғасырда) кеңінен қолданылды.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8