Трансібір экспресі

Сурет:Трансібір экспресі.jpg
200px

Трансібір экспресі - саяси детектив жанрында түсірілген 10 бөлімді, түрлі-түсті көркем фильм. 1977 ж. "Қазақфильм" киностудиясы шығарған. Сценарий авторлары: А.А. Адабашьян, Н.С. Михалков және А.С. Кончаловскийдің қатысуымен; режессері - Э.Оразбаев, суретшісі - Ы.Қарсақбаев, операторы - В.В. Алисов, композиторы Е.Рахмадиев. Фильм жас кеңес республикасы мен Жапония арасында енді-енді қалыптаса бастаған экономикалық байланыстарға кедерғі жасамақ болған шет ел барлау ұйымының әрекеттерін әшкерелеген чекист О.Қасымханов өмірінен сыр шертеді. "Трансібір экспресі" фильміне актерлер АӘшімов (Фан Ючунь, Қасымханов), Н.Н. Терентьева (Демидова), О.П. Табаков (Федотов), Меи Дон Ук (Сайто), т.б. қатысты. 1978 ж. Ереван қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда "ең үздік шытырман оқиғалы фильм үшін" сыйлығы мен 21-Халықаралық кинофестивальда (Карлови Вари, 1978) - Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің симпозиумы қазылар алқасының сыйлықтарына ие болды. 1978 ж. режессер Оразбаевқа, суретші Қарсақбаевқа Қазақстан Мемлекет сыйлығы берілді.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8