Техас

АҚШ штаты

Техас
ағылш. Texas

Техас туыТехас мөрі
Техас туыТехас мөрі
АҚШ картасындағы Техас штаты

Штат ұраны

«Достық» (ағылшынша "Friendship")

Штат әні

«Texas, our Texas» (қазақша "Техас, біздің Техас")

Штат лақапаты

«Жалғыз жұлдызды штат» (ағылшынша "The Lone Star State")

Астанасы

Остин

Ең ірі қаласы

Хьюстон

Ірі қалалары

Сан-Антонио
Даллас
Остин
Форт-Уэрт
Эль-Пасо

Тұрғыны

25 145 561[1] (2010 жыл)
- тығыздығы
37,2 адам/км²

Ауданы

2-ші орын
- барлығы
696 241 км²
- су беті
17 406 км² (2,5 %)
- ендік
25°50' с. е. бойынша 36°30' с. е., 1 244 км
- бойлық93°31' б. б. бойынша 106°38' б. б., 1 270 км

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі2 667,4 м
- орташа биіктігі520 м
- минимал биіктігі
0 м

Губернаторы

Рик Перри

Вице-губернаторы

Дэвид Дьюхёрст

Заң шығару органы

Техас легислатурасы[2]
- жоғарғы палатасыТехас сенаты
- төменгі палатасыТехас өкілдігінің палатасы

Сенат мүшелері

Кей Бейли Хатчинсон
Джон Корнин

Уақыт белдеуі

UTC−6,
жазда UTC−5

Домені

.tx.us

Ресми сайты:

texas.gov
  1. 2010 Resident Population Data: Population Change (xls). US Census. Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 қазан 2011. Тексерілді, 21 желтоқсан 2010.
  2. Англияда және АҚШ-тың кейбір штаттарында заң шығаратын органдар атауы

Техас (ағылш. Texas, /ˈtɛksəs/) — АҚШ-тың оңтүстігіндегі, халық саны және жер көлемі бойынша екінші орындағы штат; құрлық штаттарының арасында ең үлкен жер аумағына ие. Атауы Каддо тіліндегі «Tejas» — “достар” яки “одақтастар” деген сөзге негізделген.[1] Техас Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-орталығында орналасқан, оңтүстігінен Мексикамен, батысынан Жаңа Мексикамен, солтүстігінде Оклахомамен, солтүстік-шығысында Арканзаспен, шығысынан Луизиана штаттарымен шектеседі. Техастың жер көлемі 268,820 шаршы миль (696,200 шаршы километр), халқының саны 25,1 миллион адамды құрайды.[2]

Штат туралы

Испанияның отаршылдық саясаты кезінде штат Nuevo Reino de Filipinas : La Provincia de Texas атауымен белгілі болды.[3] Бұл атауды бірінші қолданған адам Antonio Margil de Jesús болып, ол 1716 жылы 20-шілдеде Мексика вице-короліне хат жазғанда осы атауды қолданады. Бұл атау күнделікті өмірде көп қолданыста болмағанымен, 1800 жылдардың аяқтарына дейінгі ресми құжаттарда көп кездесіп тұрады.

Хьюстон Техастағы ең үлкен және АҚШ-тағы төртінші үлкен қала болып есептеледі. Ал Сан-Антонио болса, штаттағы екінші және мемлекеттегі жетінші үлкен қала. Сол сияқты Даллас-Форт Уэрт және Үлкен Хьюстон АҚШ метрополитендік аймақтардағы төртінші және алтыншы орындарда тұрады. Одан басқа ірі қалалар Эл Пасо және Остин сияқты үлкен қалалар болса, штат орталық қалалары болып есептеледі. Техастың тәуелсіз Республика екендігінің және Мексикамен азаттық үшін күресуінің белгісі ретінде штатты “Жалғыз жұлдызды штат” деп атайды. Сондықтан "Жалғыз жұлдыз" бейнесін Техастың туында және штат таңбасында да кездестіруге болады.[4]