Темірхан Мыңайдарұлы Досмұханбетов

Темірхан Мыңайдарұлы Досмұханбетов

Темірхан Мыңайдарұлы Досмұханбетов (8 наурыз, 1949 жыл, Қостанай облысы Денисов ауданы, Мениславка ауылы) — Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Қысқаша өмірбаяны

  • Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын (1972) жаттықтырушы мамандығы бойынша бітірген.
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (1993) құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.
  • 1972 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1973 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, 1975 жылдан - ассистенті, 1976 жылдан - аға оқытушысы.
  • 1982 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына техникалық

қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.

  • 1983 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы.
  • 1985 жылдан - Бүкілодақтық ерікті «Еңбек резервтері» спорт қоғамының Қазақ республикалық кеңесі төрағасының

орынбасары, 1988 жылдан - төрағасы.

  • 1991 жылдан - Шетел туризмі бойынша «Интурист-Қазақстан» ұлттық компаниясының президенті.
  • 1994 жылдан - Мемлекеттік «Иассауи» акционерлік компаниясының президенті.
  • 1996 жылдан - ҚР Жастар, туризм және спорт істері министрі.
  • 1997 жылдың наурызынан - ҚР Білім беру және мәдениет министрлігінің Туризм және спорт департаментінің директоры.
  • 1997 жылдың қарашасынан - ҚР Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Туризм және спорт комитетінің төрағасы.
  • 1998 жылдан - ҚР Президентінің іс басқарушысы.
  • 2003 жылдың маусымынан - Астана қаласының әкімі.
  • 2004 жылдың наурызынан - ҚР Президентінің іс басқарушысы.
  • 2006 жылдың наурызынан бері - ҚР туризм және спорт министрі.
  • ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенті (2006 жылдан).