Текелі

Қала
Текелі
Таңбасы
Таңбасы
ЕлҚазақстан
ОблысыАлматы облысы
Координатасы44°50′ с. е. 78°49′ ш. б. / 44.833° с. е. 78.817° ш. б. / 44.833; 78.817 (G) (O) (O) (Я)
Құрылған уақыты1937
Қала статусы1952
Жер аумағы174 км²
Ресми тіліқазақ
Тұрғыны26 976[1] адам (2010)
Уақыт белдеуіUTC+6:00
Телефон коды+7 72835
Автомобиль коды02
Ресми сайтыhttp://tekeli.gov.kz/
 (қаз.)  (орыс.)
Текелі (Қазақстан)
Red pog.png

ТекеліҚазақстан Республикасы, Алматы облысына бағыныстағы қала (1952 жылдан), темір жол стансасы.

Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км қашықтықта орналасқан. Аумағы 0,1 мың шаршы км (61,33 га). 2003 жылғы деректер бойынша 24,3 мың тұрғыны бар. Қала Текелі өзенінің сол жағалауында, Жетісу Алатауының батыс сілемдері шатқалының бірінде, теңіз деңгейінен 950-1600 м биіктікте орналасқан.

Оған Рудничный кенті қарайды (тұрғыны 1000 адам).

Тарихы

1911 жылы іргесі қаланып, 1927 жылы кент дәрежесіне көтерілді. 1933 жылы инженер-геологтар М. Юдичев пен М. Қаділбековтің зерттеу-барлау жұмыстарының нәтижесінде Текелі өзенінің оң жағалауынан қорғасын, мырыш, күміс, кадмий, германий кендері табылды. 1937 жылы Текелі қорғасын-мырыш басқармасының құрылысы басталып, 1942 жылы қорғасын-мырыш комбинаты құрылды. 1939 жылы емхана салынды, 1941 жылы бірінші орта мектеп ашылды.