Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев

Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев
Talgat Musabayev.jpg
Ғарышкер
Мемлекеті

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы КСРОРесей РесейҚазақстан Қазақстан

Мансабы

инженер, Зерттеуші-ғарышкер

Әскери атағы

генерал-лейтенант (Қазақстан), генерал-майор (Ресей)

Экспедициялары

Союз ТМ-19, Союз ТМ-27, Союз ТМ-32

Ғарышта болған уақыты

341 күн 9 сағ 48 мин

Туған күні

7 қаңтар 1951(1951-01-07) (67 жас)

Туған жері

Қарғалы ауылы, Жамбыл ауданы, Алматы облысы

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасы.

Қысқаша өмірбаяны

  • 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.
  • 1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.
  • 1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.
  • 1975—84 жж. — әуе кәсіпорындарында саяси-тәрбие қызметінде.
  • 1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.
  • 1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.
  • 1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған.
  • 1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.
  • 2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.
  • 2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.
  • 2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.
  • 2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.
  • 2007 ж. сәуірдің 11-інен — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.
  • 2014 ж. тамыздың 13-інен Үкімет басшысының азаматтық авация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі.
  • 2014 ж. тамыздың 21-інен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы