Талдықорған

Қала
Талдықорған
Таңбасы
Таңбасы
ЕлҚазақстан
СтатусыОблыс орталығы
ОблысыАлматы облысы
Координатасы44°59′58″ с. е. 78°22′52″ ш. б. / 44.99944° с. е. 78.38111° ш. б. / 44.99944; 78.38111 (G) (O) (O) (Я)
ӘкіміҚарасаев Бағдат Әбілмажінұлы
Құрылған уақыты1944
Бұрынғы атауыГавриловка
Жер аумағы74 км²
Ресми тіліқазақ
Тұрғыны163,3 мың адам (01.05.2015)
Тығыздығы4139 адам/км²
Ұлттық құрамықазақтар 64,96 %
орыстар 24,47 %
корейлер 3,61 %
татарлар 1,94 %
немістер 1,10 %
украиндар 0,75 %
ұйғырлар 0,65 %
шешендер 0,25 %
өзбектер 0,21 %
белорустар 0,12 %
басқалары 0,92 %[1]
Этнохоронимталдықорғандық
Уақыт белдеуіUTC+6:00
Телефон коды+7 7282
Пошта индекстері040000
Автомобиль кодыB, V,05
Ресми сайтыhttp://www.taldykorgan.gov.kz
 (қаз.)  (орыс.)
Талдықорған (Қазақстан)
Red pog.png
Талдықорған (Алматы облысы)
Red pog.png

Талдықорған (1993 жылдың 4 мамырына дейін Талды-Қорған)[2] — қала, Алматы облысының орталығы.

Тарихы

Ең алғаш қазіргі Талдықорған аумағында орналасқан XIX ғасырдың екінші жартысында, яғни 1869 жылы "Гавриловка" селосы бой көтерді. Бұл өңірді алғаш рет қоныстаған казактар болды[3]. Кейін Жетісу облисполкомының ұйғаруымен 1920 жылы (кейбр деректерде 1921 жылы) "Гавриловка" селосының атауы ресми түрде "Талды-Қорған" селосы деп өзертіліп, Қапал уезінің орталығы дәрежесін алады. 19301944 жылдар аралығында Талды-Қорған Қазақ КСР-ның Алматы округі, Талды-Қорған ауданының орталығы болып бекітіледі. 1944 жылы Талды-Қорған селосына қала дәжересі беріліп, Алматы округінен бөлініп кеткеннен кейін, 1944 жылдан 1959 жыл аралығында және 1967 жылдан 1997 жылдар аралығында Қазақ КСР Талдықорған облысының орталығы дәрежесін алады. Ал 1993 жылы қала атауы ресми түрде Талдықорған деп өзгертілді. Қазіргі кезде Талдықорған қаласы 2001 жылдың 22 қыркүйегінен бастап, Қазақстан Республикасы Алматы облысының орталығы болып саналады[4].