Сәулебек Бәйбекұлы Асылхан

Сәулебек Бәйбекұлы Асылхан (6.2.1949 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданы Қарашілік ауылы) - актер, режиссер, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).

  • 1968 ж. Қазақ академиясы драма театры жанындағы студияны (В.И. Иванов, А.Өтегенов пен Қ.Қуандықов шеберханасы бойынша),
  • 1975 ж. Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) режиссура бөлімін (Ә.Мәмбетов шеберханасы бойынша) бітірген.
  • 1979 - 80 ж. Мәскеудегі жоғары режиссерлер курсында(режиссері М.А. Захаровтың жетекшілігімен) оқыды.
  • 1968 - 71 ж. Қазақ академиясы драма театры құрамында актер болып, Жайнақ (Ш.Айтматовтың "Ана - Жер-анасында"), Өзбек (М.Әуезовтің "Айман - Шолпанында"), Олжабай (С.Жүнісовтің "Ажар мен ажалында"), Байбол (Қ. Мұхамеджановтың "Жат елдесінде"), т.б. рольдерді орындады.
  • 1975 - 78 ж. Талдықорған облысы драма театрында режиссері,
  • 1980 - 88 ж. Қазақ академиясы драма театрында режиссер,
  • 1988 - 91 ж. Талдықорған облысы драма театрында бас режиссері,
  • 1997 - 98 ж. "Қазақстан-1" телеарнасында режиссер,
  • 1998 жылдан Алматы облысы филармониясының бас режиссері,
  • 2002 жылдан Мәдениет министрлігінің театр бөлімін басқарады.

Сахналаған спектакльдері

  • Т.Қалилахановтың "Абылай аманаты", (1975),
  • Т.Ахтановтың "Әке мен бала" және "Күшік күйеу" (1975,1978),
  • Әуезовтің "Түнгі сарын" (1989),
  • А.В.Вампиловтың "Тұңғыш ұл" ("Сүйінші, табылды, табылды" деген атпен,1978),
  • Д.Исабековтің "Мұрагерлер" және "Кішкентай ауыл" (1983,1986).[1]