Сүлейман Демирел атындағы университет

Сулейман Демирел атындағы Университет
SDU Emblem
Suleyman Demirel University, Outside view, Entrance.jpg
Университет атауы
Шынайы атыСулейман Демирел атындағы Университет
Халықаралық атауыSuleyman Demirel University
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы17 желтоқсан 1996 жыл
ТүріУниверситет
Орналасуы
Орналасқан жері Қазақстан, Алматы
МекенжайыҚазақстан 1/1, Абылай хан көшесі, Қаскелең
Кампусқала сыртында
Әкімшілік
Негізгі көрсеткіштер
Студенттер7000-нан аса
Магистратура7
Сайтыwww.sdu.edu.kz

Сулеймен Демирел атындағы Университет, СДУ (ағылш. Suleyman Demirel University, SDU, орыс. Университет имени Сулеймана Демиреля, түр. Süleyman Demirel Üniversitesi) — Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орны. Университетті 1996 жылы 17 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия мемлекетінің Президенті Сүлеймен Демирел ашты.

СДУ – оқу үдерісін халықаралық үлгідегі бағдарламаға сай жүргізетін оқу орны болып табылады. Университеттің негізгі мақсаты – қол жетімді бағалармен бакалавриат, магистратура, докторантура және біліктілікті жетілдіру бағдарламалары саласында сапалы білім беруді қамтамасыз ету. Университет бағдарламалары жеке тұлғалардың, қоғамдық топтар мен мекемелердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жауапты, сондай-ақ мемлекеттегі және әлемдегі әлеуметтік, саяси, экономикалық ортаға бейімделген.

Университеттің мақсаты – білім және ғылым саласында жеке және кәсіби шеберліктерін жетілдіру және арттыруды қалаушылар үшін бағдарламаларды үздіксіз дамыту және кеңейту болып саналады. Әрине, бұл мүмкіндікті әрбір студент әлеуметтік-экономикалық статусына қарамастан пайдалана алады. Сонымен бірге, студенттердің нәсіліне, ұлтына, мәдени әдет-ғұрпына қарамастан, олардың интеллектуалды потенциалы мен адамгершілігі біз үшін ең алғашқы орында.

Университет 2010-2011 оқу жылынан бастап өз жұмысын заманауи оқу-зерттеу құралдарымен жабдықталған «Smart Campus» қалашығында бастады. Бұл оқу кешені 7000-ға жуық студентті заманауи оқу орны және жатақханамен қамтамасыз ету үшін бой көтерген. Кампустағы 4 факультеттің дәрістері негізінен ағылшын және қазақ тілдерінде жүргізіледі. 17 гектар аумақта жайласқан жаңа оқу ғимараты өзінің 16 анфер лекция залы, 120 аудиториясы, 3 зерттеу орталығы, 8 компьютер бөлмесі, 2 интернет кафесі, 1 стадион, конференц-зал, медициналық пункт, заманауи оқу құралдары мен аса бай электронды ресурстармен жабдықталған 3 кітапханасымен білім алушыларға өте қолайлы жағдай жасайды.

Оған қоса, кампуста 2 асхана және 3 кантин бар. Ол жерлерде студенттер тамақтанумен шектеліп қана қоймай, бос уақыттарында бас қосып, студенттік өмірлеріндегі маңызды мәселелерін талқылауға, демалуға мүмкіндіктері мол. Қазіргі таңда кампустың жекелеген бөліктері салынып, жетілдіру үстінде.

БАҒДАРЛАМАЛАР ТҮРЛЕРІ

Сүлейман Демирел атындағы университет, Сыртқы көрініс

СДУ-де әртүрлі деңгей және салада күндізгі бөлім бағдарламалары оқытылады. Қазіргі уақытта СДУ бакалавр деңгейінде 4 факультет бойынша бірнеше мамандықтарды ұсынады. Университет ғимараты әлі де құрылыс үстінде, кеңеюде. Бұл - болашақта тағы да басқа бағдарламалар қосылатындығын білдіреді. Магистратура бағдарламалары 7 түрлі салада ағылшын тілінде оқытылады. Бұл деңгейлер заманауи қоғам талабына толығымен жауап береді. Сонымен бірге, университетте PhD бағдарламалары бойынша да зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктері бар. Дамыған тіл мектебі кәсібилігін арттыру мақсатында ағылшын және түрік тілдерін үйренуді қалаушыларға әртүрлі деңгейдегі бағдарламаларын ұсынады. Жалпы айтқанда, Тіл мектебіне барлық қалаушылар қабылданады. IELTS және TOEFL тесттері бойынша да біліктілігі жоғары мұғалімдер көмектесе алады.