Сергей Иванович Гуськов

Сергей Иванович Гуськов (1890, Мәскеу қ. - 16.8.1953, Алматы) -театр гримері. Қазақстанның еңб. сің. артисі (1947). Мәскеу қ-ндағы бастауыш уч-щені бітірген (1902). 1903 - 10 ж. белгілі гример-суретші Я.И. Гремиславскийдің шеберханасында тәжірибе жинақтаған. Кезінде Кеңес өкіметінің қудалауына түскен ол 1936 жылдан Қазақстанда тұрып қызмет етеді. 1936 - 1939 ж. Шымкент облысы драма театрында, 1939 - 1953 ж. Алматыдағы Қазақ акад. драма театрында гримдер цехының меңгерушісі, ақад. Мемл. Орыс ақад. драма театрында қойылған спеқтақльдерге, сондай-ақ "Алтын мүйіз" (1948), "Жамбыл" (1953), т.б. фильмдерге арнай портреттік гримдер жасады. 1927 жылдан Мәсқеудің, Шымкент пен Алматының театр студиялары мен мектептерінде оқытушы болған. "Грим өнері" (1932, Мәскеу) атты кітаптың авторы.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8