Семей мемлекеттік медицина университеті

Семей мемлекеттік медицина университеті
SMMU Emblem.jpg
Semey Medicine Academy.jpg
Ұраны:
Қазақстанның барлық халқы үшін сапалы медициналық білім беру
Университет атауы
Халықаралық атауыSemey State Medical University
Бұрынғы атауыСемей медицина институты
Семей мемлекеттік медицина академиясы
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы1953 жыл
ТүріУниверситет
Орналасуы
Орналасқан жеріСемей
Мекенжайы071400, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Абай көш., 103
Әкімшілік
РекторыТөлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков, медицина ғылымдарының докторы, профессор
Негізгі көрсеткіштер
Профессоры30 (докторлармен қосқанда)[1]
Оқытушылар352[1]
Студенттер3000[1]
Сайтыhttp://www.sgma.kz/

Семей мемлекеттiк медициналық университетіҚазақстан Республикасының ірі медициналық жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылады. Жеке клиникалық базасы, әскери кафедрасы және Павлодар қаласында филиалы бар. Университеттің инфрақұрылымдық даму динамикасының жоғары болуы оның білім, ғылым және инновациялық әлеуетінің қарқынды дамуына ықпал етті. Оқу орнының түлектері тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де (АҚШ, Израиль, Германия, Ресей, Пәкістан, Үндістан, Жапония) қызмет атқаруда. "Ғылым және денсаулық сақтау" журналы шығып тұрады, дисертациялық кеңес жұмыс істейді.[2]

Тарихы

1953 жылы 6 қыркүйекте Семейде КСРО министрлері кеңесінің қаулысымен және КСРО-ның денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы (2.09.1952ж. №22611-Р) бойынша Семей медицина институты ашылды. 1959 жылы алғашқы түлектер институтты бітіріп, 275 студент емдеуші-дәрігер дипломын алды. 1963 жылы педиатрлық факультет ашылды. 1982 жылы Павлодар қаласында дәрігерлердің біліктілігін арттыру факультеті ашылып, 1991 жылы стоматологиялық факультет құрылды.

1997 жылы институт Мемлекеттік медициналық академияға айналды.[3] 2009 жылы ЖОО университет атағын алып, ресми атауы Семей қаласының Мемлекеттiк Медицина Университетi болып өзгертілді.