Сағынбек Рақышев

Сағынбек Рақышев (20.11.1930 жылы туған, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Алғабас ауылы) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі. 1945 - 52 ж. Ақсу аудандық театрында, 1952 - 55 ж. Қаратал ұжымшар-кеңшар театрында, 1965 - 74 ж. Шымкент облысы драма театрында еңбек етті. 1958 - 65 ж. Талдықорған және Қызылорда театрларыңда дирекгор болды. 1979 жылдан Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы) драма театрында актер. Ол Абай, Сырым, Қобыланды (М.Әуезовтің "Абайында", "Қарагөзі" мен "Қара қыпшақ Қобыландысында"), Амангелді, Қозы, Ақан (Ғ.Мүсіреповтің "Өлі арасында", "Қозы Көрпеш - Баян сүлуы" мен "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Мұса Шорманов (С.Мүқановтың "Шоқан Уәлихановында"), Сыбанқұл (Ш.Айтматовтың "Ана - Жеранасы" бойыншада), т.б. рольдерін сомдады. Алматы облысының Құрметті азаматы.

[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8